Тарлан теміржолшыға құрмет көрсетілді

Аймақтар
07.02.2023, 10:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы аймақ шойын жолына қырық жылдан астам еңбегі сіңген тарлан теміржолшы Әбділда Досымовқа құрмет көрсетіп, зейнет демалысына шығарып салды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» медалімен және Компанияның 25 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған Әбділда Досымовты пайғамбар жасымен құттықтаған дистанция басшысы Марат Оңалов пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева бастаған әріптестері су жаңа зейнеткерге ілтипат көрсетті, оның жүріп өткен жолын айтып, жастарға үлгі етті.  

Он жеті жасынан теміржол саласында бастаған Әбділда Құрманғалиұлының еңбек жолы тақтайдай тегіс болмапты. Талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кешкен отандық теміржолмен бірге өсіп, бірге жетілген. Өзі туып өскен Сұлутөбе станциясында теміржолшының отбасында 1957 жылы дүниеге келген Әбділда еңбек жолын жол жөндеуші болып бастап, тәжірибе жинай жүріп, білімін де жетілдірген.  

– Дистанцияның тәжірибелі әрі кәсіби маманы ретінде Әбекең үнемі жауапты учаскелерде жұмыс істеді. Жолдарды күрделі жөндеу кезінде телім басында ол кісінің жүруі жолшыларға кәдімгідей күш беретінін кезінде талай көрдік. Оның жауапкершілігіне жүктелген учаскелердің жол күтімі көктемгі және күзгі байқауларда жоғары баға алатын. Міне, бүгін осындай тәжірибелі теміржолшыны зейнеткерлікке шығарып салдық. Орнын басатын жастар – кешегі күні өзі тәрбиелеген шәкірттері, сондықтан жол күтімін сенімді қолға тапсырды деп сенеміз, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.  

Әбділда Досымов арнайы жолдамамен 1978-1981 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Жол шаруашылығы және жол құрылысы» саласы бойынша білімін жетілдірген. Қызылорда жол дистанциясында жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері қызметтерін атқарды. ДРП-1 мекемесінде бас инженер, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде «жол жөндеу сапасын тексеруші-қабылдаушы» болып та қызмет жасады. 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда жол дистанциясы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі кезде Әбекеңнің ұлы Рүстем де атасы мен әкесінің жолын жалғастырып, мекемеге қарасты 2-өндірістік телім басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқаруда.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда