Дистанциядағы құрылғылар кешенді түрде жаңартылып жатыр

Аймақтар
10.03.2023, 09:55
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясында автоматика, телемеханика және байланыстың жаңа құрылғыларын енгізуде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қызмет көрсету аумағы аса ауқымды мекемеде тәжірибелі электромонтерлар мен электромеханиктер жетерлік.

Жалпы ұзындығы 595 км асатын темір жол торабына қызмет көрсетіп отырған дистанцияда құрылғылар кешенді түрде жаңарып, заманауи аппараттар мүмкіндігі шалғайдағы теміржолшылар жұмысын жеңілдетуде. Дегенмен, өткен ғасырдың 80-жылдарынан бері жұмыс істеп тұрған көне қондырғылар да жоқ емес.  

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Айдар Еңсеповтің айтуынша, 1981- 82 жылдары Сексеуіл – Шалқар телімінен басталып, Жем – Шалқар телімі бойына орнатылған қондырғылар күтіп ұстаудың нәтижесінде 40 жылдан асты, арасында жөндеуден өткізіліп, әлі күнге жұмыс істеп келеді. Бірақ уақыт көшіне ілесу үшін өндіріс жаңа техника, технология жетістіктерімен қарулануы керек.  

2016 жылы Шалқар – Тассай теліміне қойылған жаңа микропроцессорлық жүйелер жаңашылдықтың басы болды, бүгінде үмітті ақтап тұр. Оның автоматтандырылған өлшемдік жүйесі адамның қатысуымен болатын жұмыс процесін әлдеқайда жеңілдеткен.  

– 2019 жылы бізге Сексеуіл – Жем аралығын қосып берді. Разъездегі кезекшілердің қызметін қоса атқару жүктелді. Жүк тасымалы бөлімшесінен келген жастарды үйреттік. Қазір бәрі жүйеленді. Кезекшілікке тұру, пойызды шығарып салу, т.т. жұмыстарды толық меңгерді, – деді Айдар Еңсепов.  

Дистанцияда барлығы 9 бекет бар. Шалқар – Жем аралығында 3 бекет, Шалқар – Сексеуіл аралығында 6 бекеттің жұмысы ұйымдастырылған. Әр бекетте үш маман еңбек етеді. Мұндағы станция аралығындағы бағдаршамдардың барлығында жарықтандыру қызметі модульдік жүйеге ауыстырылған.

– Модульдік жарықтандыру дистанция жұмысына тиімділік әкелді. Оның үстіне 20 жылдық кепілдігі бар. Қазір жарық беру сапасы жақсарды. Бұрын жанып кеткен шамдарды алмастыру, көрінісін тексеру жұмыстары жоспармен атқарылса, автоматтандырылған жүйемен ол жұмыстар қажет болмай қалды, – дейді дистанция басшысы.  

Айтуынша, дистанциядағы барлық аралық жаңа бағдаршамдармен жаңарған. 2022 жылдан бастап кіріс бағдаршамдарын жарықтандырғыш модуліне ауыстыру жұмыстары басталған. Мұның барлығы адамның қатысуымен болатын жұмысты жеңілдетумен қоса, пойыздар қауіпсіздігін сақтауға ықпалы өте жоғары әрі көрінісі жақсарады екен.  

– Өткен жылы дистанциядағы атқарылған ең ауқымды жұмыстардың бірі – Жылан бекетінде апаттық жағдайда тұрған ғимарат модульді ғимаратқа ауыстырылуы дер едік. Толаскез кезінде пойыздар қозғалысы тоқтатылмай, барлық қондырғыны берілген уақыт ішінде көшіріп, тексеріп үлгердік. Жалпы жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Тәжірибелі қызметкерлердің біліктілігіне сын болса, жас мамандарға жақсы тәжірибе болды. Көзімен көріп, қолмен жасау – теориядан әлдеқайда артық, – дейді дистанция тірлігін баяндаған басшы.  

Дистанция тарихы өткен ғасырдың басынан, 1921 жылдан басталады. Орынбор темір жол құрамындағы Шалқар станциясынан ашылған дистанцияның қызмет көрсету аясы Ұлы Отан соғысына дейін Шалқар – Қотыртас – Тоғыз станциясы болған. Кейін қызмет жасау шекарасы ұзартылып, Ембі – Шалқар – Сексеуіл аралығындағы байланысты қамтамасыз етті. Қазір оған Шалқар – Тассай аралығы қосылды. Мекемедегі 341 қызметкердің дені – электромеханик пен электромонтерлар. Қатынап жұмыс істейтіндер модульдік жатын орындармен қамтамасыз етілген.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты