Қарғын су: Семей теміржол нысандарына төніп тұрған қауіп жоқ

Аймақтар
14.03.2023, 09:52
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі су тасқыны қаупінің алдын алып, желі бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын тәулік бойы кешенді түрде іске асыруда.

Аймақта ауа температурасының күрт жоғарылауымен және ақпан айының аяғында, сондай-ақ наурыз айының басында жауған жауын-шашынның көп мөлшерінен су тасқыны қаупі туындаған еді. 1 наурыздағы жағдай бойынша, орташа есеппен алғанда аймақтағы таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 9-дан 74 см-ге дейін, топырақтың қатуы 24-тен 126 см-ге дейінгі көрсеткішті құраған. Бұл бағытта теміржолшылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс аумағындағы тірек гидротехникалық құрылыстардың және су объектілерінің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізу шараларына назар аударуда. Арнайы құрылған жұмыс тобы өңірдегі еріген қар сулары жиналған аймақтарды, соның ішінде биылғы жылғы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіпті орындарды тексеруде. 

Бүгінгі таңда өңір бойынша барлығы 95 гидротехникалық құрылыс бар екен. Оның біршамасы желі бойына таяу орналасқан. Әйтсе де, қазіргі күні теміржол нысандарына төніп тұрған қауіп жоқ. 

Семей магистральдық желі бөлімшесінің аумағы – республикамыз бойынша жауын-шашын мол түсетін әрі өзен және бұлақ сулары өте көп аймақ. Өңірдің 8 аумағы қызыл су басу қаупі жоғары алап саналады. Жалпы наурыздың 12-сі күнгі көрсеткіш бойынша НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр, 181 км арық, 1216 км су жүретін арналар қардан толық аршылып, тазаланған. Мұнымен қоса, көктемгі сең жүру және қызыл су тасқынының алдын алып, қажет жағдайда шұғыл жұмылдыру мақсатында қажетті техникалар сапта тұр. Бөлімше бойынша 5 пойыз жасақталып, платфорформалар жолға шығуға сақадай сай. 

Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесі бойынша, су шаю қаупі ең жоғары аумақтар ретінде Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанциясының қарамағындағы телімдер саналады. Ал күллі бөлімше қарамағындағы желі бойында жалпы саны 89 қауіпті орын бар. Оның ішінде ПЧ-39-да – 6, ПЧ-40-та – 13, ал Аягөз жол дистанциясы бойынша 20 орын қатерлі аумақтар тізімінде тұр. Әйтсе де, қыс бойы жүргізілген қардан тазарту және көктемгі әзірлік жүмыстары қауіптің бетін қайтарған. 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті