Желілік полиция бөлімі көмекке келді

Аймақтар
14.03.2023, 10:40
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы қарттар үйіне жиі барып, қолдан келгенше көмектесіп отырады.

Бұл жолы тәртіп сақшылары әлеуметтік орталық ауласындағы қыс бойы жиналған қарды шығарып, айналаны тап-таза қылды.

Ақтөбе станциясы ЖПб бастығының орынбасары Армас Молдағалиев бастаған тәртіп сақшылары қолдарына күрек пен қайла ұстап екі сағат бойы ауланы қардан, қатқан мұздан арылтып, қарт кісілер мен мүгедек жандардың серуендейтін алаңын еріген қардан тазартты. Күн жылына бастағалы сыртқа шығып таза ауада серуендейтін қариялар қуаныштарын жасыра алмай алғыстарын жаудырып, батасын берді. Тәртіп сақшылары ішқұса болған жандарға азын-аулақ сый-сияпаттарын да ала келіпті. Олармен тілдесіп, бір ауық көңілдерін аулады. Айтуларынша, мұндай қайырымдылық акциялары жыл бойы жалғаса бермек.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты