Дистанция жұмысшылары сынақтан өтіп жатыр

Аймақтар
17.03.2023, 09:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясында жұмысшылардың өз кәсібіне сәйкестігін анықтау мақсатында сынақ басталды. Шиелі, Қаракеткен және Жалағаш станцияларында өткен сынақ қорытындысы жолшылардың білім деңгейін байқатты.

Қызылорда жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері Ербол Сәрсенбаев, техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Майра Бадрақова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаевадан құралған жұмыс тобы телімдерді аралап, жұмысшыларды сынақтан өткізуге қатысуда. Емтиханның басты сұрақтары теміржолшының жеке бас қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамдардың қауіпсіздігін сақтауға әзірлігін анықтау, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау, теориялық және ситуациялық сауалдарды меңгеріп, дұрыс шешім қабылдауын анықтау, дистанция жұмысшыларына қатысты телеграфтық нұсқамалар мен нормативтік құжаттар, т.т. сарапталып, таңдалып алыныпты.  

– Жыл сайынғы өтетін жұмысшылардың білім деңгейін тексеру емтиханы биыл Шиелі, Қаракеткен және Жалағаш станцияларында басталды. Сынақ электр қауіпсіздігі мен еңбек қорғау тақырыбында өткізіліп, 49 жол жөндеуші сынақ тапсырып, кәсіби мамандыққа сай екендіктерін дәлелдей білді. Емтиханға дейінгі мерзімде жолшыларға дайындық, пысықтау сабақтары өткізіліп сабақтардың қаншалықты деңгейде меңгерілгені сарапталады. Емтихан алдағы күндері басқа станцияларда жалғасады, – дейді техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Майра Бадрақова.  

Сынақ кезінде дистанция кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева жолшыларға түсінікті, нақты сауалдар қойылуын қадағалаумен қатар жолшылардың да емтихан қабылдаушылар алдында асып-саспай, өз ойын дұрыс жеткізе білуіне қолайлы жағдай жасады.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда