Жамбыл локомотив пайдалану депосының ұжымы Наурыз мерекесіне орай "Ақ жол" кафесінде дастархан жайып, депо ардагерлеріне құрмет көрсетті.  

Сала ардагерлерін Жамбыл бөлімшесі директорының орынбасары Әділ Түсіпов, Бас инженер Дүйсен Сыдықов, кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы, депо директоры Қуат Молдабаев. Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Сәменов және сала ардагері Жапар Исаев құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

Бұл күні көптен бері бірін-бірі көрмеген ардагерлер емін-жарқын әңгімелесіп, ән тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.