Диспетчерлер жұмысқа кірісті

Аймақтар
21.03.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолында Наурыз мерекесі қарсаңында көптен күткен жағымды жаңалық болды. Шұғыл реттеу және басқару бөлімі Ақтөбедегі диспетчерлік орталыққа көшірілгелі үш жылға жуық диспетчерсіз жұмыс істеген бөлімшеде бұл қызмет қайта ашылды.

Яғни, логистика бөлімінен 5 диспетчер штаты ашылып, бұрынғы кеткен кадрлар логистика және жүк тасымалдау бөлімінің диспетчерлері болып жұмысқа кірісті. Еске сала кетсек, 2020 жылы қазан айына дейін Маңғыстау жол бөлімшесінде шұғыл басқару бөлімі бар болатын. Ауыс-түйістер нәтижесінде бөлімше қосалқы бөлім аталып, диспетчерлер Ақтөбеге көшіп, қалғаны басқа жұмыстарға ауысқан. Маңғыстауда логистика бөлімі ғана қалып, өңірге келе жатқан жүктерді қадағалап, тасымалды ұйымдастыру тек соларға ғана жүктелді. Бұл міндетті бөлім басшысы мен екі инженер ғана атқарып келді. Олардың жұмыс кестесі тек күндіз болғандықтан өңірге келіп-кетіп жатқан жүктерді жергілікті жерден қадағалап отыру мүмкіндігі айтарлықтай шектелген еді.

– Маңғыстауда жүк ағыны толассыз көбейіп жатыр. Диспетчерлеріміз орталыққа кеткелі бізге олардың қажеттігі аса байқалды. Мәселені жоғары басшылыққа жеткізіп, оң шешімін күткен едік. Міне, 10 наурыздан бастап 1 аға диспетчер мен 4 диспетчер жұмысына кірісті. Бұл мамандар бұрын өзімізде еңбек етіп, бөлім таратылған соң біреуі Ақтөбеге кетсе, екеуі осында жұмыс істеп жүрген. Тағы біреуі магистральдық желі бөлімшесіне ауысқан. Логист-мамандардың 8 сағаттық жұмыс тәртібі диспетчерлер жұмысын ауыстыра алмады, түнгі мерзімдегі жұмыс қараусыз қалатын болды. Енді тасымал тәулік бойы бақылауда. 4 диспетчер 12 сағаттан ауысымға түсіп, біреуі күндізгі мезгілде олардың жұмысын қадағалап отырады. Қазіргі кезде көрсеткіштеріміз артып, жаңа бағыттар көбейіп жатыр, – дейді Маңғыстау логистика бөлімінің басшысы Айбек Өтеков.  

Айтуынша, бұған дейін күні-түні қадағалап отыратын диспетчер болмағандықтан жүктердің тұрып қалуы, уақытында жеткізілмеуі сияқты мәселелер де кездескен. Енді ауысыммен жұмыс болған соң әрбір вагонның қозғалысын дер кезінде қадағалап отыруға толық мүмкіндік бар. Өңірге қандай вагондар келеді, қайсысын түсіріп жатыр, қайсысы тұр, бәрін көре алады. Бұл әсіресе транзиттік, Құрық портымен теңіз асатын, Болашақтан Түркіменстан темір жолына тапсырылатын, Ақтау портымен Иранға бағытталатын жүктердің бәрін Ақтөбедегі диспетчерлік аппаратпен біріге отырып өзімізден де бақылауға қолайлы жол ашады дейді мамандар.  

– Наурыз айында жүк айналымы көрсеткіші жоспардан асыра орындалып жатыр. Жүк тиеу бойынша жоспар осы айға күніне 125 вагон немесе 8 мың тонна берілген. Қазір айдың ортасынан астық, оны орындау – 96 пайыз. Тәулігіне 7,6 тонна жүк тиеп отырмыз, наурыздың соңына дейін жүз пайызға жеткіземіз деген болжам бар. Дегенмен мұны вагондар санымен есептесек, 102 пайыз болады. Әлі алда контейнерлік тасымалдың қарқын алуы күтілуде. Жуырда Ресей жақтан Болашақ станциясы арқылы өтетін тағы бір тасымалға келісімшарт жасалды. Бүгінде Түркімен теміржолына күніне 3 пойыз тапсырамыз. Ол 10 пойызға дейін жетеді деген болжам бар, – дейді Айбек Өтеков.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға