Наурыз – көктем мейрамы

Аймақтар
24.03.2023, 09:52
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облысы орталығындағы орталық алаңға қараша үй тігіп Наурыз тойын тойлаған іргелі мекемелердің арасында қызылордалық теміржолшылардың он алты қанат ордасы ерекше көрінеді екен. Бұл теміржолшылардың да мерейін өсіріп, абыройын асқақтатып тұрғандай. Облыс әкімінің жұмыс тобы алаңды жаңалай тігілген қараша үйлерге бас сұғып дәмнен ауыз тиіп, мерекемен құттықтады, алғыс білдірді.

Көпшілікке арналған наурыз көженің дер уақытында әзір болуын ойластырған Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ибраким Басықараев, бас инженер Күлхан Белкібаев, «Қазкөліккәсіп»ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, Қызылорда қосалық бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев әріптестерімен бірге келген қонақтарды қарсы алды. Құрмет көрсетті, көпшіліктің алғысына бөленді.

– Барша түркі халықтарына тән көктем мерекесі әрі жыл басы саналатын Наурыз көпшілікпен бірге тойлайтын той секілді кеңінен аталып өтіледі. Ертеден қалыптасып бізге жеткен дәстүр бойынша орталық алаңда кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен теміржолшылар атынан киіз үй тігіліп, келушілерге наурыз көже таратылып көпшіліктің алғысын бөлендік, қонақжайлылық танытып, елдің батасын алдық, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ибраким Басықараев.

Бір-біріне игі тілектерін арнаған теміржолшылар мереке қарсаңында көп айтатын «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Көңілде кір қалмасын», «Әз Наурыз құт-береке әкелсін» сипатындағы орталық алаңда айтылған көпшіліктің бата-тілегіне бөленді. Өздерінің  тараптарынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылмауын, жылды тосын жағдайсыз өткізуге, кемшіліктерді барынша азайтуға жұмыс жасауға күш салатындықтары аңғарылды. Яғни, алаңда айтылған көпшілік батасының мақбұл болатындығына мән беріліп бұл игіліктің салалық кәсіпте де жаңғырып, аймақ теміржолының өркендеуіне бір атаның баласындай бірлесіп жұмыс жасамақшы.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда