Наурыз тойында станция қызметкерлері мен ардагерлер бас қосты

Аймақтар
24.03.2023, 15:22
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл түбек теміржолында Наурыз нақыштары ерекше көрініс тапты. Мереке әр ұжымда түрлі деңгейде атап өтілді. Теміржолшылар бір-біріне қонаққа барып, ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, неше күн тойлатты.  

Тігілген ағаш үйлердің сәні мен дастархандағы дәміне, ұлттық үлгіде киінген қыз-жігіттердің көркіне көз тойып, адамдардың жүзіндегі қуаныш пен ұжымдағы бірліктің, бәріне көңіл марқайды. Татулықтың, қонақжайлықтың  үлгісі паш етілген мерекелік бас қосулар осы аптада Маңғыстау қосалқы бөліміне қарасты тоғыз жолдың торабындағы Бейнеу және Түрікменстанмен шекарадағы Болашақ станциясында жалғасты. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің ауласында және ондағы  электрмен жабдықтау, жол дистанцияларында да киіз үйлер бой көтеріп, мерекелік кеш болды.

Бейнеудегі Наурыз тойында станция қызметкерлері мен ардагерлері бас қосты. Станцияда еңбек еткен зейнеткерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, станция бастығы Есет Хайруллиннің басшылығымен болған думанды жиын қос буын теміржолшылардың көңілді кездесуіне айналды.  

Болашақ станциясының ұжымы болса мекеме ғимаратын ұлттық үлгіде безендіріп, ас-тағамдарын әзірлеп, тойлатып, көрісе келген ауылдағы өзге теміржолшыларды зор құрметпен күтті. Қыз-келіншектер дәмді тамақ дайындау, кесте тігу сияқты қөлөнер шеберліктерін көрсетіп жарысты. Ер азаматтар күш сынасты, қолға домбыра алып, ән, күймен отырыстың көрігін қыздырды. Жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Магистральдық желі бөлімшесінің бас ғимаратындағы ақотаудың  алдында қаз-қатар тізілген келіншектер келушілерді иіле сәлем салып, Наурыз  көжемен қарсы алып, дәмді дастарханда қонақ қылды. Мұнда да ер азаматтар ұлттық спорттық ойындардан бақ сынасты, әйелдер қауымы көріністер қойды. Бесікке салу дәстүрі жасалып, осы салада жетістікке жеткен азамат болсын деген ырыммен бөлімше директоры Мұхтар Бақтыгереевке теміржолшы отбасы атұстарының тұсауын кестірді. Одан кейін спорттық ойындарда жеңіске жеткендерге диплом мен сыйлықтар табысталып, салтанатты шара әрі қарай ән мен биге ұласты.   

 

Бөлімшедегі Маңғыстау жол дистанциясы мен Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанцияларындағы Наурыз думаны да осындай салтанатпен жалғасты.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл