Көктемгі комиссиялық байқау басталды

Аймақтар
28.03.2023, 09:04
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық байқау биыл жылдағыдан ертерек басталмақ. Ол наурыз айының 26-нан 12 сәуірге дейін жалғасады.

Тексеріс барысында қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың, ғимараттардың жай-күйі, байланыс, электр құралдарының жағдайы, вагондардың жайы, темір жолдың қазіргі күйі, сондай-ақ теміржолшылардың білім мен біліктілігі, жеке мәселелері, проблемалары да қаралады. «Комиссия құрамында барлық сала мамандары болады. Тексеріс арнайы локомотив арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі Ганюшкино – Д.Нұрпейісова телімі бойынша басталып, Ганюшкино – Исатай, Исатай – Қызылжар телімдері, содан кейін Махамбет, Атырау, Теңдік, Ақжайық, 496- 402 разъезд аралығы, Құлсары-Бейнеу, Мақат-Құлсары, Сағыз-Мақат телімдері, телімдердегі жол, сигнализация, электрмен қамту дистанциялары, вагон, локомотив деполары, т.б. қаралады. Сол жерлерде талқылау жұмыстары да жүргізіледі» дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы А.Айжарықов.  

Өткен жыл қорытындысымен аймақта пойыз және маневрлік жұмыстарда өндірістік жарақат алу болмаған. Бөлімшеде пайдаланым көрсеткіштерін орындау бойынша да нәтижелер жақсы деңгейде келе жатыр. Бұған дейін құрылымдық бөлімшелердің өз ішінде көктемгі тексеруге дайындық деңгейі, пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қаралған. Көктемгі байқау нәтижелері сәуір айының соңында болатын жалпы қорытынды жиналыста жария болмақ.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды