Түбек теміржолында пойыздар қозғалысы артып келеді

Аймақтар
28.03.2023, 09:38
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолының жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етіп келе жатқанына жарты ғасырдан асқан Маңғыстау локомотив депосының бүгінде жүгі ауырлаған. Өйткені соңғы он жылдықта тарам-тарам жол тартылып, екі бірдей теңіз айлағы іске қосылып, нағыз тоғыз жолдың торабына айналған өлкеде пойыздар қозғалысы артып келеді.

Елімізден бөлек теңіз асып шет елдерге өтіп жатқан толассыз жүк тасымалына қызмет көрсетіп отырған Маңғыстау локомотив депосы өз алдына отау тігіп, дербес мекеме атанғанына биыл 55 жыл.  

Жалпы Маңғыстау темір жолының түп тарихы түбектің мұнайын игерумен байланысты екені белгілі. Жер қойнауынан қара алтын қоры табылғаннан кейінгі жылдары мұнай өндірісіне теміржол тартылып, Маңғыстау локомотив депосының іргетасы қаланған. Алғашында Мақат депосына қарасты айналым депосы ретінде құрылып, кейін өз алдына дербес депоға айналды. Депо ұжымын мерейтойымен құттықтап, оның бастығы Марат Құдабаевты сөзге тартқан едік.  

– 1964 жылы Маңғыстауға теміржол тартылып, Мақат-Маңғышлақ станциялары аралығында 704 шақырым теміржол пайдалануға берілген. Осыдан кейін локомотив депосының қызметіне қажеттілік арта бастады. 1965 жылы 10 шілдеде 179 шақырымдық Маңғышлақ-Өзен аралығында теміржол пайдалануға тапсырылады. Бір жылдан соң Маңғышлақ станциясынан жедел түрде локомотив депосының ТҚК-2 цехы салынып, 1967 жылы Мақат локомотив депосына қарасты ТД-14 Маңғышлақ айналым депосы ашылады. Келер жылдың бірінші ақпанында Қазақ теміржолы басқармасының шешімімен Маңғышлақ локомотив депосы ТЧ-20 болып өз алдына қайта құрылады. Сосын Шетпе станциясында, Өзен станциясында локомотив бригадаларының айналымдық пункттері қалыптасты. Шетпе, Сай-Өтес, Өзен станцияларынан локомотив бригадаларының демалыс үйлері ашылды. 1977 жылы Қазақ теміржолы үшке бөлінгенде Маңғышлақ локомотив депосы ТЧ-12 болып жаңа таңбамен Батыс Қазақстан темір жолының құрамына енеді. Ал Қазақстан темір жолы құрылған соң құрамына Бейнеу айналым депосы, Жаңаөзен айналым депосы қосылып, аймақтағы қуатты тартым күшіне ие үлкен құрылымға айналды, – дейді депо бастығы.  

Бүгінде Маңғыстау локомотив пайдалану депосы Маңғыстау – Сай-Өтес – Бейнеу, Маңғыстау – Жаңаөзен – Болашақ, Бейнеу – Құлсары, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Қарақалпақия станциялары аралығында жолаушы және жүк пойыздарының тасымалын ұйымдастырып отыр. Маневрлік тепловоздармен Маңғыстау, Жаңаөзен, Шетпе, Бейнеу станциялары басында қажетті жұмыстарды атқарады.  

Депо паркінде 57 тепловоз бар. ТҚК-2 цехында жөндеу бригадасы төрт ауысыммен еңбек етеді. Сапардан келген тепловоздарға керекті техникалық қызмет көрсетіп, келесі сапарға дайындау – осы цехтың жұмысы. Құм кептіру цехы тепловоздарды құммен қамтамасыз етеді. Депода машинистер мен көмекшілер және жөндеушілерге арналған тұрмыстық блок жұмыс істейді. Психолог кабинеті және күнделікті жұмыс алдында медициналық тексерістен өтетін дәрігерлік кабинет те төрт ауысыммен қызмет көрсетеді. Маңғыстау, Жаңаөзен, Сай-Өтес, Бейнеу, Болашақ станцияларында локомотив бригадаларының демалыс үйлері бар.  

– Қай мекемеде болса да жұмыстың алға басуына ықпал ететін кабілетті кадрлар мен мақтаулы мамандар болады. Бұл жағынан біз де мақтана аламыз. Ұжымда бүкіл Қазақстанға танымал десек, артық айтпаспыз, «Құрметті теміржолшы» Берік Құлбарақов еңбек етеді, «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Шорабай Абдашов, екінші класты машинист, Ауған соғысы ардагері Асылбек Наурызбаев, Қуанышбай Төлегенов, үшінші класты машинист Бауыржан Азанов секілді мықты машинистеріміз аз емес. Тоғыз адам «Адал еңбегі үшін» белгісімен, 22 қызметкеріміз «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 12 «Үздік маман», 8 «Кәсібі бойынша үздік» қызметкеріміз бар. Мұның бәрі жайдан жай берілген атақ емес, әр марапаттың артында ерен еңбек жатыр, – дейді өзі басқарып отырған ұжымның жетістіктеріне тоқталған Марат Құдабаев.  

Ал машинистер құрамының біліктілігіне келсек, 250 машинист пен 221 көмекші машинистің 51-і жолаушы пойыздарында, 135-і жүк пойыздарында, 48 машинист маневрлік қозғалысында еңбек етеді.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл