«Қауіпсіз еңбек» жылы аясында Защита станциясында семинар өтпек

Аймақтар
28.03.2023, 09:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек» жылы деп жариялап отыр. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Защита станциясында осы тақырыпқа орай ауқымды семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Екінші тоқсанның басында өткізілетін жиынға тек теміржол бойынша ғана емес, шығыс өңіріндегі өзге салалардың да кәсіподақтарынан өкілдер қатысады. Семинар тақырыбы, айтып өткеніміздей, еңбек қорғау және қауіпсіздік. Кәсіподақтың еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқановтың айтуынша, Защита торабы өте ауқымды, оған ірі теміржол мекемелерімен қатар «Досжан темір жолы» АҚ, «СпецСервис-Курылыс» ЖШС кіреді, кәсіподақтың 2300-ден астам мүшесі бар.

– Семинарға өңірдегі осы барлық мекемелердің кәсіподақ өкілдері мен қауіпсіздік бойынша жетекші инженерлері қатысады. Мен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі тақырыбында баяндама жасап, теміржолдағы жазатайым қайғылы оқиғаларға байланысты зерттеу жұмысына кәсіподақтың қатысуы бойынша сөз сөйлеймін. Былтыр өндірісте болған 21 қайғылы оқиғаны зерттеуге кәсіподақтар қатысты. Зерттеу барысында кәсіподақтар қандай қателіктерге жол бермеуі керек. Соның барысында жәбірленуші тарапқа қандай өтемақы төленетіні белгілі болады. Сонымен қатар жұмыс орындарын аттестациялау процесі кезінде кәсіподақ өкілдерінің қызметі қандай болуы керектігін де айтамыз. Себебі аттестациялау кезінде жіберілген қателіктер алдағы уақытта теміржолшының дұрыс еңбекақы алмауына әкелуі мүмкін, – дейді Қ.Мұқанов.  

Екі күндік семинар мақсаты – өндірісте жарақат алу қатерінің алдын алу. Айта кетейік, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Защита торабының ауқымы кең, өкілдік құрамына 7 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді. Локоть – Шемонаиха – Өскемен-1 – Алтай – Риддер телімдеріне қызмет көрсететін Защита торабы Ресейдің Батыс-Сібір теміржолымен шектеседі.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды