Баталы ел арымас

Аймақтар
28.03.2023, 11:31
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Бір-бірімен қанаттас отырған Жамбыл жол және магистральдық желі бөлімшелері әкімшілік ғимаратта бірге Наурыз мерекесін атап өтті.

Ұлыстың ұлы күніне арнайы жайылған ақ дастарханға ардагер теміржолшылар арнайы шақырылып, төрден орын алды. Көпшілік наурыз көже ішіп, шелпек пен бауырсақ жеп, биші кыздардың өнерін тамашалады. Кәсіподақтың ұйымдастыруымен түрлі байқаулар өтіп, жүлдегерлерге марапаттар табыс етілді.  

Одан әрі шара ұлттық спорттық ойындарға ұласты. Оза шауып бәйге алған теміржолшылар қатары мол болды. Дартстан Светлана Құттымбекова оза шапса, кір тасын көтеруде Азамат Есіркепов жүлделі болды. Ал арқан тартуда Жамбыл қалпына келтіру пойызы жігіттерінің мерейі үстем болды.  

Ал Жамбыл локомотив пайдалану депосының ұжымы Наурыз мерекесіне орай «Ақ жол» дәмханасында дастархан жайып, қызметкерлерімен қатар депо ардагерлерін шақырды. Көпшілікті Жамбыл бөлімшесі директорының орынбасары Әділ Түсіпов, бас инженер Дүйсен Сыдықов, кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы, депо директоры Қуат Молдабаев, Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Сәменов және сала ардагері Жапар Исаев құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Көптен бері бірін-бірі көрмеген ардагерлер емен-жарқын әңгімелесіп, ән тыңдап, бір жасап қалғандарын жеткізіп, жастарға батасын берді. «Баталы ел арымас» демекші, қартын қадір тұтқан елдік дәстүр осылай көрініс таба берсе игі...  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды