Кассалар қызметіне жүгінетіндер әлі де көп

Аймақтар
11.04.2023, 11:44
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Алда жазғы тасымал. Вокзал шаруашылығы жанданып, кассалар қызметінде қарбалас басталатын кез.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалына қарасты Тараз теміржол вокзалының аға билет кассирі Айсұлу Әбілдаеваның айтуынша, жаз айларында туристік шаһар көне Таразға келушілердің қатары да артады екен.  

– Сондықтан біз қызметкерлерді жаз айларына дейін толық еңбек демалысына шығарып аламыз. Жазда жұмыс қызып қарбалас басталғанда адам жетіспей қиындық туындауы мүмкін. Әрине, бүгінде республика бойынша тұрғындардың 73 пайызы билетті электронды түрде алады. Дегенмен бұл кассалар алды босап қалды деген сөз емес. Кассалар қызметіне жүгінетіндер әлі де көп. Сонымен қатар оңтүстік өңірде электронды билет алу басқа өңірлерге қарағанда баяу екенін мойындау керек. Бізде жаз айларында «топтық тасымалға» сұраныс артады. Яғни лагерь, спорттық жарыстарға аттанушыларға, әскерилер мен төтенше жағдай, денсаулық сақтау саласына топтық қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек «Профсоюз Тараз» туристік фирмасының тапсырысы жоғары. Мерекелік күндері қосымша рейстер шығады. Ал жаз айларында билет тапшылығын реттеу бойынша 27 мамырдан «факультативті» рейстер дайындалады. Ол бес күн бұрын жасақталады. Бірақ билеттерге портал ашылған сәтте біз бәсекелес жеке кассалардың да бар екенін ұмытпаймыз. Оларда билеттің құны 500 теңгеге қымбат болса да бірден өтіп кетіп, билет тапшылығы туындап жатады, – дейді салада 27 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Айсұлу Қырықбайқызы.  

Тараз вокзалының кассаларында ардагерлер мен мүгедектер үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде вокзалда тәулік бойы 2 кассада 8 маман жұмыс істесе, Боранды бекетінде – 4, Жаңатаста – 1, Түрксібте – 3, Шуда – 4, Шығанақта – 2, Сарышағанда 2 билет кассирі жұмыс істейді.  

Жазғы тасымалға сақадай сай дайын отырған вокзалдар міндеті – жолаушы халыққа лайықты сервистік қызмет көрсету.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты