Семейлік жолшылар жазғы жол жөндеу жұмыстарына дайындалып жатыр

Аймақтар
14.04.2023, 11:03
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік жолшылар қауымы биылғы қыс маусымын ойдағыдай аяқтап, алғашқы тоқсанда жазғы жол жөндеу жұмыстарына даярлық шараларын толық пысықтап шықты. Енді 17 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтетін көктемгі комиссиялық бақылау шараларын өткізген соң желі бойында қауырт жұмысқа кіріспек.

Семей – Локоть, Жаңа-Семей – Дегелең бағытына қызмет көрсететін Семей жол дистанциясы жазғы жұмыстарға әзірлік барысын толық аяқтады. Жыл басынан бері жоспарлы шаралар қатары әзірленіп, 8 мәрте өткізілген техникалық дәрістерде де жолшылар қауымына жазғы жұмыстар легі кеңінен таныстырылды.  

Сонымен қатар, осы аралықта еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы саны 328 адам аттестаттаудан сәтті өтіпті.  

– Әрине, жол жұмыстары нәтижелі болуы үшін оған даярлық шаралары толыққанды жүргізілуі керек. Бұл орайда әуелгі кезекте желі бойындағы барлық жолшылардың тұрмыстық қажеттіліктерін жүз пайыз көлемінде толық жабдықтадық. Сонымен қатар Дегелең және Шаған станцияларында жолшылардың қажеттіліктері үшін жаңадан екі модуль орнатылды, – дейді дистанция бастығы, Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаев.  

Алғашқы тоқсанда дистанция басшылығынан құрылған комиссия 28 мәрте тексеру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар олқылықтарды анықтаған. Соның нәтижесінде берілген 36 ескерту межелі мерзім ішінде қалпына келтіріліпті.  

Дистанцияның еңбекті қорғау бойынша жетекші инженері Гүлзавира Елемесованың айтуынша, жыл басынан бері өндірістік жарақаттануға жол берілмеген. Залалды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 50 адамға тиісті жағдай жасалған.  

Жалпы, дистанция бойынша еңбек ететін төрт жүзге таяу жолшылар үшін қолайлы еңбек ортасы қалыптастырылды деуге толығымен негіз бар. Жолшылар жағдайы жақсы болса, жұмыс барысы да өнімді болатынын ескерген басшылық аянып қалмаған. Бұл әлбетте жазғы жол жұмыстарын ойдағыдай еңсеруге мүмкіндік берері анық.  

Қазіргі таңда дистанция бойынша қажетті материалдар көлемі анықталып, арнайы тапсырыс әзірленуде. Жоспарлы шаралар ішінде әсіресе Дүйсекен және Белағаш станциялары аралығында жүргізілетін күрделі жөндеуге басымдық берілмек. Жолшылар үшін жолдың балдық сапасын жақсартып, заманауи тұрғыда, яғни темірбетонды түйіспесіз жолдарға ауыстырып шығу басты мақсат болып отыр. Оның тағы бір себебі, елімізді, Орта Азияны және Қытайды Ресеймен жалғайтын «солтүстік тармақта» жүк пойыздарының қозғалыс барысы айтарлықтай жиілеген. Яғни ПЧ-39 мекемесінің жолшыларына артылар жауапкершілік те үлкен деген сөз.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті