Болашақ теміржолшылар аға буын өкілдерімен кездесті

Аймақтар
14.04.2023, 11:43
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау агроколледжінің «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» факультетінде білім алып жатқан студенттердің аға буын теміржолшылармен кездесуі өтті.

Болашақ теміржолшылар үшін аға буын өкілдерінің өсиетін естіп өсудің маңызы зор. Сол арқылы олардың таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы арта түседі. Атырау бөлімшесінде диспетчер болып еңбек еткен зейнеткер, Құрметті теміржолшы Күләш Бекқұлова мен байырғы машинист Әлжан Өтеғалиев жастармен кездесуге арнайы шақырылып, теміржолшы кәсібінің қызығы мен шыжығы, өткен өмірлері туралы естеліктер айтты. Ал Атырау жол дистанциясының маманы Болат Жүнісов пен осы дистанцияның кадр бөлімінің бастығы Нұрбике Қасекеева және Атырау вагон пайдалану депосының бас инженері Рашид Мұсабаев студенттерге темір жолдың бүгінгі тынысы туралы әңгімелеп берді. Олардың айтқан естелік-әңгімелерінен студенттер диспетчер деген кім, ол қандай қызмет атқарады, машинист мамандығын қалай меңгеруге болады, жол ақауын табу не үшін керек, теміржолдағы кадр саясаты қалай жүзеге асуда, вагондарды жөндеудің маңызы қандай, т.б. көптеген мәліметтерге қанықты. Олар аға-апаларына теміржолшы мамандығына қатысты әртүрлі сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды. Олардың қандай қиындықтарға қарамастан адал еңбек етіп, мамандықтарына деген шексіз сүйспеншілігі арқасында жоғары жетістіктерге жеткендеріне көз жеткізді. Күләш апа, мысалы, 33 жасында «Құрметті теміржолшы» атағын алса, Әлжан аға көп жылғы бейнетінің рахатын көріп отыр. Теміржолшылар династиясының өкілі Нұрбике Бисенқызы бүгінгі күнгі кадр мәселесі, теміржолшылардың әлеуметтік саясаты, қандай жеңілдіктер бар, біліктілікті көтеру, карьералық өсу, медициналық сақтандыру сынды мәселелерге тоқталып, тәптіштей түсіндірді.  

Теміржолшылар студенттерді өндірістік тәжірибеден өтуге жиірек шығару туралы ұсыныстарын да білдірді. Өндірістен келген бұрынғы теміржолшылар, бүгінгі колледж ұстаздары Гүлайым Есенғалиева, Гүлсара Қабдолова, теміржолшы-машинист Нұрлан Қорғанбаевтың айтуынша, осы мамандық бойынша жыл сайын елу шақты студент бітіріп шығады екен. Олардың дені өңір темір жолының әр саласына жұмысқа орналасады. Сондықтан бүгінгі студенттің кәсіби теміржолшылармен кездесіп, өсиетін тыңдауының өзі бір мектеп.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда