Маңыстауда салауатты өмір салтын насихаттайтын акция өтті

Аймақтар
25.04.2023, 11:26
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында теміржолшылар арасында өтіп жатқан «Никотинге – витамин» акциясы Маңғыстау теміржолында да ұйымдастырылды.

Эстафетаны атыраулық әріптестерінен қабылдаған түбек теміржолының Бейнеу станциясындағы теміржолшылар арасында да никотинді витаминге ауыстырғандар болды.  

Адам денсаулығы үшін маңызы орасан бұл шараны Бейнеу станциясындағы спорт нұсқаушысы Бегзад Нұралиев ұйымдастырды. Бір топ белсенді жас станция, локомотив айналым депосы мен вагон депосы, электрмен жабдықтау, байланыс және белгі беру дистанцияларының жұмысшыларын аралап жүріп, акцияның мәнін түсіндірді. Темекі тартуға шыққандар мен соған әуестенген жұмысшыларға зиянды көк түтінді себеттегі алма, апельсин сияқты жемістерге айырбастауға ұсыныс білдіріп, өз өміріне бей-жай қарамауға шақырды. Әрине, темекімен қоштасуға дайын еместер де кездесті. Біреулер бір талын, енді басқасы бір қорабын мыжып тастап никотиннің орнына витаминді таңдады. Бәз-біреулер осы шара сылтау болып, көптен құтыла алмай жүрген зиянды әдетінен арылуға тырысатындарын жеткізді.  

Алдағы уақытта акция Маңғыстау станциясында белсенді жастардың ұйымдастыруымен жалғасын таппақ.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда