Ғарышкердің есімін алған теміржолшы

Аймақтар
28.04.2023, 13:14
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бірнеше жыл бұрын Маңғыстау станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінен ақпарат алуға бардым. Алдын ала ТҚКП басшысына хабарласқанмын. Ол инструктор-нұсқаушы Владимирге тапсыратынын, қажет мағлұматты содан алуға болатынын айтқан.

Компьютер алдында отырған қараторы жігіт «мен Владимир» деп қарсы алғанда таң қалғанымды жасырмадым. «Қазақсыз ба?» деппін сасқанымнан.  

«Ия, көріп тұрсыз ғой» деді күліп... Әріптестері «Біздің Володя» дейтін Владимир Сүлейменовпен таныстығымыз осылай басталды. Ата-анасы қазақ, түрі де қазақтың қарадомалағы, неге Владимир деген журналистік әуесқойлығымыздың да жауабын алдық.  

– Мен туған жылы, дәл сол күні Кеңес одағының ұшқыш-ғарышкері Владимир Джанибеков космосқа ұшыпты. Атам мені де ғарышкер болсын деп ырымдап сол космонавттың атын қояды. Бірақ мен көкке емес, жердегі көлікке қызмет етуді таңдадым. Өзім осы мамандықты ұнаттым. Бұған дейін инженер мелиоратор дипломын алған едім. Бірақ өз кәсібімді теміржолдан таптым,– дейді Владимир Сүлейменов.  

Ол теміржолдағы еңбек жолын 2012 жылы слесарь болып бастайды. Ақтөбедегі жоғарғы оқу орнында вагон шаруашылығы бойынша білім алады. Сосын вагон қараушы болып бірнеше жыл тәжірибе жинайды. Басшылық Болашақ станциясындағы ТҚКП бастығы етіп тағайындап, ол жақта да абыройлы еңбек етті. Жуырда Маңғыстауға оралып, вагон депосының техникалық оқыту шебері болып тағайындалды. Отбасылы, екі баланың әкесі.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл