Еңбекті қорғау күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті

Аймақтар
28.04.2023, 17:14
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық еңбекті қорғау күні Абай облысындағы теміржолшылар арасында да кең көлемде аталып өтті. Аталған игілікті шараны бұл жолы да жергілікті салалық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.

Осынау күні барша кәсіподақ белсенділері, еңбекті қорғау инженерлері бөлімшенің кең ауласына жиналды. Әуелгі кезекте олар өндіріс барысында жазатайым қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан соң бөлімшенің  кәсіподақ ұйымының төрағасы, Құрметті теміржолшы Алик Досанов сөз алып, теміржол қызметіндегі еңбекті қорғау іс-шараларының маңыздылығы жайында келелі баяндама жасап, атаулы күнге орай жылы лебіз білдірді.

Сонымен қатар, мекемеде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыруға қосқан зор үлесі үшін бірқатар теміржолшылар Құрмет грамотасымен марапатталды. Мұнымен қоса, еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Әке, анашым, мен сізді үйде аман-сау күтемін!» атты тақырыптағы балалардың сурет байқауының жүлдегерлері марапатталып, кәсіподақ тарапынан арнайы сыйлықтар алды.  

Ал, осыдан соң жиналған теміржолшылар қауымы «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкованың жетекшілігімен еңбекті қорғау күніне орай арнайы флэшмоб өткізіп, әріптестерін салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.

Аталған шара барысында өндіріс барысындағы қауіпсіздік жөніндегі пайдалы әдебиеттерден әзірленген «Еңбекті қорғау» бұрышы да көпшілік назарына ұсынылды. Бөлімшенің ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының бастығы Баршагүл Омарова әсіресе жас буын теміржолшыларды соңғы жаңалықтармен кең көлемде ақпараттандырды. Қазіргі таңда бөлімше бойынша ЭЧ-18, ВЧД-23 сынды көптеген мекемелерде Халықаралық еңбекті қорғау күніне орай танымдық-тағылымдық мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде