Қызылордада халықтың өтінішінен кейін темір жолдан өтетін көпір салынатын болды

Аймақтар
02.05.2023, 11:44

Қызылорда облысында 2017 жылдан бері темір жол бойында 30-ға жуық адамды пойыз қаққан, деп хабарлайды Rail-news.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Шойын жолдың белгіленбеген жерінен өту заңға қайшы болғанымен тұрғындардың көбі қауіпті төте жолды үйреншікті бағыты қылып алған. Осы орайда сырбойылықтар қаланы қақ жарған қос рельсті магистраль бойынан жерасты немесе жолүсті бірнеше өткел керек деп отыр.  

50 мыңдай тұрғын қоныстанған Шаңқай шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын төте жол болғандықтан ескі темір жол өткелінен адам үзілмейді. Арнайы бекет болмағандықтан жүрдек пойыздар жылдамдығын бәсеңдетпей өтеді.    

Жергілікті жұрт аспалы және тесік көпір атап кеткен өткелдердің арасы ондаған шақырым болғандықтан «КБИ» шағын ауданының тұрғындары да темір жолды әр жерден кесіп өтеді. Желілік ішкі істер бөлімі мен ювеналды полиция және жол дистанция қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Әсіресе құлаққап таққан жүргіншілерге ескертулер жиі жасалады. Тіпті өткен жылы белгіленбеген жерден өткені үшін мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Дегенмен халық талапқа сай көпір болмағандықтан үйреншікті сүрлеумен тікелей тартады.    

«Шұғыла» мен «КБИ» шағын аудандарын жалғайтын жабайы өткелмен күніне мыңнан астам адам өтеді. Олардың басым бөлігі оқушылар. Соңғы 5 жылда осы жерде 7 қайғылы жағдай тіркелген. Сондықтан осы маңнан жаяу жүргіншілер көпірі салынатын болып шешілді.  

– Құрылыстың ұзақтығы 4 ай, тиісті 325 млн тг бөлінді. Мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Көпірде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтеру қондырғысы 2 жақ беттен орнатылатын болады жобаға сәйкес, – дейді Жеңісбек Файзуллаев қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.  

Жыл басында 10 рельс кесіп өтетін Белкөл кентінде ұзындығы 105 метрлік жаңа көпір пайдалануға берілген болатын. Темір конструкциялы өткелдер қаланың бірнеше тұсынан салынады.

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?