Шымкентте 90 немере көрген соғыс ардагері тұрады

Аймақтар
11.05.2023, 16:35
Суреттерді түсірген автор

Жеңіс күні қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының кадр бөлімі басшысы Серік Тлеубетов пен бөлімшенің кәсіподақ төрағасы Мақсұт Ыдырыс бастаған бір топ теміржолшы ардагерлерді аралап мерекемен құттықтады. Олар бес бірдей соғыс ардагері мен оларға теңестірілген тұлғалардың шаңырағына бас сұғып, сыйлық толы себеттер мен 50 000 теңгелік қаржылай сыйақылар табыстады.  

Ең алдымен Шымкент іргесіндегі Ордабасының етегінде орналасқан Бадам станциясында тұратын  жасы 100-ге келген Қалмен Мұратовтің шаңырағына бас сұқты.  1-ші дәрежелі «Отан соғысы ардагері» ордені мен «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» т.б медалдардың иегері Қалмен Мұратов табиғаты көркем таза ауада, 6 ұл, 2 қыздан тараған  32 немере мен 85 шөбересінің қамқорлығында өмір сүріп жатқан жайы бар екен.  1924 жылы 20 ақпанда Бөржар ауданының Таздар ауылында туған ардагер 1942 жылы 7-сынып оқып жүрген 18 жасында-ақ  соғысқа аттаныпты.  «Аягөзде командирлік курсты 3 ай оқып, кіші сержант шенін алып 1942 жылы Беларусь фронтына соғысқа кірдім.  Содан екі жыл қан майданда талай ұрысқа кіріп жаралансақ та етқызуымен қатардан қалмай, алға жылжыған кеңес әскерімен Ржов-Великие Луки және басқа да көптеген қалаларды неміс басқыншыларынан азат еттік.  Қанша қаруластарымнан айрылдым, тіпті сол қанды қасаптан тірі қайтам деп ойлаудың өзі қиын болатын» деп естелік айтады жүз жасаған ардагер.

Жаяу әскер  құрамындағы Қалмен Мұратов 1944 жылы ақпанда Витебск қаласында жау қорғанысын бұзу үшін болған шайқаста сол қолына оқ және граната жарықшалары тиіп, екі жерден жараланады.  Дзжержинск қаласында эвакуациялық госпитальда ол  дәрігерлер комиссиясының №336 шешімімен І-топтағы мүгедек деп танылып, елге қайтарылады.  Біраз  жыл Бөржар селосына қатысты Сталин колхазында еңбек етіп, сосын  теміржолға ауысып, ұзақ жыл пойыз  жолсерігі болды. Соғыстан соңғы өмірін теміржолмен байланыстырған ҰОС ардагерінің наградалары қатарын «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың екпіндісі», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері» сынды марапаттар толықтырып зейнетке шыққан.    

Шымкент станциясының есебінде тұрған келесі ардагер –  Ахметов Исамахмет бүгінде 97 жаста. 1941 жылы әкесі Рсымбет майданға аттанғанда 15 жасар бозбала от басының тұңғышы екен. Шымкенттегі паровоз  жөндейтін депоға жұмысқа тұрады. Приморье өлкесінде жаумен шайқасып жүрген әкесінен  «қара қағаз» келгенде  өшпенділіктен қаны қарайып дұшпандардан кек алуға асыққан ол жасы 18-ге толар-толмас  шағында өз еркімен соғысқа аттанады.  Ленинградтан өткен соң бір станция маңында неміс ұшақтары пойызды бомбалап, соғысқа кірмей жатып сол жерде біразы оққа ұшады да, жеңіл-желпі жарақат алған жас жігіт  әскер күші азайғанда  қайта шақырылмақ болып елге қайтарылады. Бұрынғы жұмысына қайта кірісіп депода еңбек ете жүріп білім алады. Көп ұзамай жеңіс күні де туып, бейбіт өмір орнайды. 1951 жылы Мәлика Ғарифуллақызымен отау құрып, өсіп өнеді.  Депода жұмысшы болып бастап аға шебер, ауысым шебері,  вагон қараушы, диспетчер сияқты  түрлі еңбек салаларынан өтіп, зейнетке шыққанша адал тер төкті.  Қазіргі уақытта 4 қыз бен 5 ұлдан тараған 90 немере мен 3 шөберенің арасында отырған бақытты ата өзін құттықтай келгендерді қуана қарсы алды.  

Құттықтаудың келесі легі Түлкібас станциясынан Мусавали Ахметов пен Кемел Аршеев, Қызылсай станциясынан Рысмахан Жалғасбаев секілді  ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ауған соғысы ардагерлерінің отбасында жалғасты.    

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?