Теміржолшылар ғасыр жасаған ардагердің құшағын гүлге толтырды

Аймақтар
12.05.2023, 11:24
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар тыл ардагері Дәметкен Әлмұратованы Жеңіс күнімен құттықтады. Соғыс басталғанда 17 жастағы өрімдей қыз Шалқар станциясында жол бұрушы болып еңбек еткен.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев ғасыр жасаған ардагердің құшағын гүлге толтырды. Қарияға ақшалай сыйлықпен қатар тәттілер себеті тарту етілді.  

Тыл ардагері Дәметкен Әлмұратова 99 жаста. Қария бұрынғыдай емес. Құлағы ауыр естиді. Бірақ ойы жүйелі, естеліктері де сол қалпында.  

«Біз жұмыс талғаған жоқпыз. Соғыс кезінде ертелі-кештегі күнімізді шойын жолдың қара жұмысын атқарумен өткіздік. Көмірді арқалап жүріп таситын едік. Одан қалды соғыстағы азаматтар үшін киім тоқимыз. Кезекшілікте май шаммен отырып тоқыған шұлық, қолғаптардың есебі жоқ, бәрін майданға жөнелттік», – деді Дәметкен Әлмұратова.  

Оқуды тастап, соғысқа кеткен әке орнына Шалқар станциясына жол бұрушы болып жұмысқа кірген жас қыз кейін Қазалы қаласындағы техникалық мектепті тәмамдап, станция кезекшісі болып ауысады. Шалқар ауданындағы №62 Тобылғысай разъезінде 1974 жылға дейін еңбек еткен. Көпбалалы ана ретінде 50 жасында еңбек демалысына шыққан. Алты бала тәрбиелеген қарт ананың ұлдары да теміржол саласында еңбек етіп, қазір зейнет жасына шығып отыр. Кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді.  

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға