Перрондағы дүңгіршектердің санитарлық жағдайы қандай?

Аймақтар
29.05.2023, 10:23
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол вокзалдары мен перронға қойылған дүңгіршектердің де сұрауы бар. Кәсіпкерлерден сапалы қызмет пен эстетикалық тазалықтан бөлек жолаушыларға қызмет көрсету кезіндегі этика нормаларын сақтау талап етіледі. Дөрекілік танытса, орыннан қағылады.  

Қандыағаш вокзалында да сауда дүңгіршектері сап түзеген сарбаздай самсап тұр. Вагоннан түскен әрбір жолаушы мұндағы қызмет көрсету деңгейінің жоғары екенін перронда тұрып-ақ сезіне алады. Затын тықпалап, «сатып ал» деп жолаушымен жағаласып жүрген адам жоқ.  

Вокзал басшысының мәліметінше, бүгінде 58 адам орынды жалға алып отыр. Оның ішінде 51 адамның кәсібі арнайы тәртіппен перронға қойылған. Ондағы тауарлардың барлығы халықтың тұтынуына қажет бұйымдар және сапарға қажетті заттар. Азық-түлік өнімдері мен ыстық тамақтар да жалға алған орындарда дайындалады.

– Барлық нысанда шағым кітапшасы бар. Оны үнемі қадағалап отырамыз. Тазалық қана емес, қызмет көрсетудің жоғары сапада болуы талап етіледі. Соның ішінде жолаушымен мәдени байланыс орнату бар. Мұндағы жеке кәсіпкерлердің бәрі бірдей арнайы киім киеді. Бейдждерінде телефон нөмірі, аты жазылған, – деді Қандыағаш вокзалының басшысы Жанна Иманова.

Дүңгіршектердің санитарлық жағдайы, айналасын таза ұстау жұмыстары қатты қадағаланады.Тәулігіне 22-24 жұп пойыз өткізіп отырған Батыс өңіріндегі ірі тораптық станцияда жүк пойыздары ғана емес, жолаушылар пойызы да көп өтеді. Ұзақ аялдайтындары да аз емес. Бұл сауда нысандарына тиімді.

Ақтөбе мегистральдық желі бөлімшесінің вокзалдарда технологиялық процесті және сервистік қызметті ұйымдастыру бөлімі бастығы Ақмарал Ержанованың айтуынша, өңірдегі барлық вокзалдардағы коммерциялық дүңгіршектердің жұмысы реттеліп, жолға қойылған.  

– Филиал бойынша Ақтөбе, Қандыағаш, Жем, Шалқар, Орал, Қазақстан теміржол вокзалдарында орындар жалға берілген. Қазіргі уақытта барлығы 123 нысан жалға беріледі. Оның ішінде ең көбі Қандыағашта, Ақтөбеде – 35,  Оралда 14 коммерциялық дүңгіршек бар. Жалға берілген орындарда тазалық, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар тәртібі қатаң талап етіледі, – деді  Ақмарал Ержанова.  

Нысандағы қызмет түрлеріне қойылатын талап ортақ. Асхана, шағын маркет, баспасөзге арналған газет-журнал дүңгіршектері өз бағыттарында жұмыс істеуге тиіс. Перроннан орынды жалға алған кәсіпкердің рұқсат алған қызмет түрімен ғана айналысуы қадағаланады. «Асхана» деп ашып, ойыншық, басқа ұсақ-түйек сатуға болмайды. Жалға алған нысандарды уақытылы ашып-жабу, вокзал айналасы стратегиялық аймақ болғандықтан антитеррорға қатысты талаптардың сақталуы да қатаң бақыланады.  

«Кластан тыс Ақтөбе, Орал секілді бірінші класты вокзалдарда орынды жалға беру алдында қалай салатыны, сөрелер қою тәртібі көрсетілген 3D эскиз жобасы сұралады. Нысандар бір-бірімен ретті, заманауи үлгіде болуға тиіс», – деді А.Ержанова.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты