Орман өрті Ауыл станциясына жақын маңда өшірілді

Аймақтар
30.05.2023, 11:01
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ресеймен шекаралас аймақта тіркелген дала өрті онымен шекаралас аймақтарға да әсерін тигізіп отыр. Өрт көрші елмен шекаралас жатқан Семей бөлімшесінің Ауыл станциясына небәрі 7 шақырым қалғанда ауыздықталды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан темір жолдың Өрт сөндіру пойызы осы өңірде қызыл жалынмен күрес жүргізіп жатқан Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан астам өрт сөндіру машинасын сумен қамтамасыз етті.  

Айта кетер жайт, дала өрті пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ және теміржол инфрақұрылымы нысандарына төнген қауіп сейілді. Эвакуацияланған тұрғындар арасында теміржолшылар қауымы жоқ. Сонымен қатар Семей және Защита станцияларында қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел штабтар құрылды. Қауіп күшейер болса, жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін болады.  

– Қазіргі таңда өрт орын алған аумақта төтенше жағдайлар қызметімен қатар ішкі істер саласының қызметкерлері, әскерилер де жұмылдырылуда. Сондай-ақ еріктілер де жәрдемдесуде. Астана қаласы, Павлодар мен Қарағанды облыстарынан арнайы техникалар мен қосымша күш келіп жетті. Теміржолшылар тарапынан өрт сөндіру пойызы көмекке жіберілді. Тілсіз жаумен күрес жүргізіліп жатқан аумақтан сәт сайын хабар алып отырмыз. Жағдай толық бақылауда. Станциялар мен жол айрықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Қызыл жалынды оқшаулау және жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, – дейді НЖС-6 бөлімшесі бойынша азаматтық қорғаныс бөлімінің инженер-технологы Еркін Спанов.  

Қызыл жалынды сөндіруге аңызақ жел де кедергі келтіруде екен. Соның себебінен 3 мыңнан астам гектар жер өртеніп кеткен. Оқиға орнына ҚР ТЖМ вице-министрі арнайы келіп, жағдайды көзімен көріп қайтты.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті