Денсаулығы сыр берген жолаушы бірден оқшауланды

Аймақтар
02.06.2023, 11:56
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда №8801 «Қарақалпақ-Бейнеу» жұмысшы пойызында денсаулығы сыр берген жолаушы пойыздан түсіріліп, қажетті көмек көрсетілді. Жолаушының басы ауырып, қалтырап, дене қызуы көтерілген және өзін нашар сезінген...

Пойыз бригадасы бірден тиісті орынға хабар беріп, науқасты оқшаулауға алады. Бұл жағдайдан алдымен Бейнеу дистанциясының кезекші диспетчер қызметі құлағдар болып, әрі қарай шұғыл әрекетке кіріседі. Хабарламаны Бейнеу станциясының санитарлық-карантиндік бөлімінің маманы мүдделі мекемелерге жеткізіп, науқастың белгілері оба ауруына ұқсағандықтан індетке қарсы және алдын алудың жедел шараларын қолға алады.  

Бұл таяуда Бейнеу станциясында өткен обаға қарсы оқу-жаттығуы болатын.  

– Бүгінгі оқу-жаттығу жұмысы карантиндік және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдауын және таралуын болдырмау, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша кешенді жоспарға сай жүргізілді. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Бейнеу станциясындағы санитарлық-карантиндік бөлімі, Маңғыстау бөлімшелік Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Бейнеу аудандық медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелері қатысқан жаттығу карантиндік және аса қауіпті жұқпалы ауруларды анықтаған жағдайда індеттің алдын ала шараларын өткізуге арналған нұсқаулық негізінде ұйымдастырылды. Жолаушылар пойызында мұндай науқастар анықталғанда оны ауруханаға жатқызу, қатынаста болғандарды оқшаулау, зерттеуге арналған материалдарды жинақтау сияқты өзара іс-қимылдар жүзеге асырылады. Өйткені оба – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ағзия Темірқасова.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті