Электрмен жабдықтау дистанциясында жаңғыру жүріп жатыр

Аймақтар
05.06.2023, 14:29
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы бұрын 736,3 шақырым желі бойына қызмет көрсетсе, бүгінгі күні оның ұзындығы 860 шақырымды құрайды. 7 электр – Атырау, Аққыстау, Ганюшкино, Мақат, Сағыз, Құлсары, Опорный желілік аудандары бар. Бүгінде дистанция көлемінде жаппай жаңару мен жаңғыру жүріп жатыр.

Дистанцияда 3 көмекші электр станциясы, 41539 киловольттық трансформаторлық станциясы бар. Аудандық желілердің әрқайсысында 20-25 электрмеханиктерден құралған бригада жұмыс жасайды. Бүгінгі күні дистанция 35,6 километр 1000 мың вольттық кабель желілерін, оның ішінде 152,8 километр төменгі вольтты желіні, 65 прожектор матч мұнарасын да қамтиды. Сонымен қатар дистанция қарамағында көптеген елді мекендер мен сауда нүктелері де бар, оларды да жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Олардың саны бүгінде 4 мыңның үстінде, негізінен Атырау қаласы мен Мақат ауданы аумағында. Алайда, жеке секторларды жергілікті әкімдіктер бюджеттен қаражат бөліп, өз қарамағына, яғни тұрғын үй-коммуналдық қамту бөлімдеріне біртіндеп алуда.  

Соңғы жылдары дистанция бойынша мердігерлік әдіспен ЭЧ-4 базасын абаттандыруға, Ганюшкино аудандық желісін күрделі жөндеуге, осы желінің сыртқы жарықтандырылуына, шаруашылық әдіспен ВЛ-10 кв, ВЛ-0,4 кв, КЛ-10кв, Кл-0,4 кв желілерін күрделі жөндеуге қомақты қаржы бөлінді. Инвестициялық бюджет бойынша ДГА-100 кВА, 1 автомашинаға лайықталған боксы бар 100 квт транформаторлық шағын станция, Толтыр, Бек-бике, Доссор, Жантерек, Жамансор разъездерінде монтерлік ғимарат салынды. Сондай-ақ Қызылжар, Шоқпартоғай, Бәйтерек разъездерін электрмен жабдықтау бойынша қыруар жұмыс атқарып, нысанды уақытылы пайдалануға берді және бүгінде сол объектілерді жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Резервтік ток беруді күшейту мақсатында Ганюшкино, Аққыстау және Мақат станцияларында ДГА-160 кВт қондырғысы, электрмен қамту сапасын жақсарту үшін Ганюшкино мен Мақат станцияларында КТПН-250 кВА жинақтық трансформаторлық шағын станциялар орнатылды. 2022 жылы тағы да 2 дана ДГА-400 кВА генераторы алынып, бірі Атырау, екіншісі Мақат торабы аумағында орнатылды. Электр генераторларының көмегі сол, егер жарық сөніп қалса, генераторлар автоматты түрде қосылып, жолдағы барлық электрге тәуелді құрылғылардың жұмысын іске қосады.  

Дистанция бас инженері Абай Есқалиевтің айтуынша, өткен жылы да бірқатар іргелі істер атқарылған. Пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Мақат, Бек-Бике, Исатай станцияларында ДГА резервтік фидерлер ДГА-100 кВ-ға көшірілді. Мақат, Атырау, Жамансор, Ганюшкино станцияларындағы трансформаторлық қосалқы станциялар төбесі шатырмен жабылса, Жантерек, Жамансор, Доссор, Д.Нұрпейісова станциялары сумен және жылумен 100 пайыз қамтылып отыр. Сағыз аудандық электр торабы ғимараты ең үлкені болғандықтан әрі 1974 жылдан бері жөндеу көрмегендіктен онда кезең-кезеңмен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді, шатыры қайтадан жабылды, әктеу, әрлеу жұмыстары жасалуда. Бұған дейін жылу жүйесі тек 25% жұмыс істесе, енді жылу жүйелері түгелдей жаңартылуда. Осылайша дистанция бар қуатымен жұмыс жасап келеді. Жеке секторлардан толықтай арылғасын, дистанция тек қана теміржол саласына ғана қызмет көрсететін болады.  

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті