Арыстық теміржолшы бірегей жоба ойлап тапты

Аймақтар
09.06.2023, 10:59
Суретті түсірген автор

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент бөлімшесіне қарасты Арыс вагон пайдалану депосының салыстырып тексеру зертханасының бастығы Исламхан Алтаев Ұлттық компанияға 30 048 403 теңге пайда әкелген жоба ойлап тапты.

2023 жылдың 9 наурызында ҚТЖ ғылыми кеңесінің шешімімен РП -72-В нөмірлі «Қысымды өлшейтін манометрлерді тексеруді жүзеге асыру құқығына ие зертханаларды аттестаттау бойынша аккредиттеу саласын кеңейту» тақырыбындағы жобасы мақұлданған өнертапқыштың есімі әріптестері арасында кеңінен танымал. Екі рет «Үздік рационализатор» төсбелгісімен марапатталған маман қырық жыл өмірін Арыс вагон депосында өткізіп келеді. Жай өткізіп келе жатқан жоқ, жыл сайын өндіріске милиондаған сома тиімділік беретін тың жобалар ойлап тауып, пайда әкелуде.  

Исламхан Нұртайұлының айтуынша, Салыстырып тексеру зертханасы – өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерін шешетін зертхана. Зертхананың негізгі мақсаты – өлшеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігіне кепілдік беру болып табылады және ол өлшеу стандарттары мен эталондардың әртүрлі түрлерімен, сондай-ақ өлшеу әдістерімен жұмыс істейді.

– Салыстырып тексеру зертханасы аккредиттеудің белгіленген саласына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Арыс вагон пайдалану депосында Салыстырып тексеру зертханасын құрудың негізгі мақсаты тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін өлшеудің жосықсыз нәтижелерінің салдарынан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геометриялық шамалар мен қысымды өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау болып табылады.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің тек 3 вагон депосында ғана – Арыста, Семейде, үшіншісі Оралда осылай зертханада жұмыс жасап, сала мамандары рационализаторлық қызметті өрістету мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытта ҚТЖ мен еншілес ұйымдарында қысымды өлшеу құралдары салыстырып-тексеруге аккредиттелген зертханалар жоқ, оларды тексеру үшінші тарап ұйымдарының тексеру зертханаларында жүргізіледі. Біздің соңғы жобамызға сәйкес ендігі жерде өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге қайта-қайта шығындалмай, өзімізде жүргізе аламыз, бұл – үлкен үнем, – дейді өнертапқыш-маман.

Айтуынша, өнертапқыштық – ғылыми жұмыс. Техникалық құрылғылар мен приборлар жұмысын жетілдіруде белгілі бір физикалық заңдылыққа негізделеді, формула мен есеп құруды қажет етеді. Исламхан Нұртайұлы «100 жас есім» жастар жобасындағы жас теміржолшылардың әлеуетін ғылыми мақсатқа пайдалану жағын ескеру қажет деп санайды. «Ол үшін компания қолынан іс келетін жастарға мотивация үшін 20-30 пайыздық сыйақы қосып отырса, жастар ғылымға бет бұрып, үлкен жобалар туғызар ма еді» дейді.  

– Рационализаторлық қызметті дамытудан кез келген өндіріс тек ұтады. Үйренетін жастар қатары көбейсе, шәкірттер тәрбиелеп, арнайы шеберлік сағаттарын өткізер едік, білгенімізді үйретуден жалықпаймыз. Бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта – шілде айында Қостанай, Ақмола жүк тасымалы бөлімшелерінің вагон және локомотив пайдалану деполарының өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, қыркүйекте Алматы, қазанда Атырау, желтоқсанда Ақтөбе, Қызылорда, Тараз бөлімшелерінің вагон және локомотив пайдалану деполарының өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жұмыстарын жоспарлап отырмыз, – дейді Исламхан Нұртайұлы.  

Арыс вагон пайдалану депосының салыстырып-тексеру зертханасында алдағы уақытта жылу-физикалық шамаларды тексеру құқығына аккредиттеу аясын кеңейту жоспарлануда екен.  

– Шымкент ЖТ бөлімшесінің кітапханасы жанынан алдағы уақытта рационализаторлық қызметке қатысты шеберлік сағаттарын өткізсек деген жоспарымыз бар. Исламхан Алтаев сынды өнертапқыштар дәрісі теміржолда еңбек етіп жүрген жастарды ғылыммен айналысып, жаңалық ашуға құлшындырар еді деп ойлаймын, – дейді техникалық кітапхана жетекшісі Ляззат Джарымбетова.  

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?