Тілсіз жаумен күрес жалғасуда...

Аймақтар
12.06.2023, 14:52
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде бүкіл ел назары шығыста. «Семей орманы» табиғи резерватында маусымның 8 күні басталған алапат өртпен күрес жалғасып жатыр. Жағдай әлі де күрделі. Жексенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына келіп, апат ауқымын көзімен көрді.  

Барша республика жұртшылығының қабырғасын қайыстырар зор қайғыға душар еткен тілсіз жау 60 мыңнан астам гектарға жуық орман алқабын қызыл жалынға орап, өртпен күрестің алғы шебінде жүрген 14 орманшы қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен маусымның 12 күні –  жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мемлекет басшысы өрттен қаза тапқандардың жақындарымен жүздесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ Президент Жарлығымен орын алған төтенше жағдайда көрсеткен жанқиярлығы үшін олардың барлығы «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары үш бағытта жүргізілуде. Өртпен күреске  1500 адам, 14 тікұшақ қатысуда. Жағдай әлі де күрделі саналады. Алдын ала жасалған болжам бойынша орман өртінің тұтануына найзағай себеп болған. Ауа температурасының аса жоғары болуы мен аңызақ жел апаттың тез өршуіне алып келген. Алғашқы тәуліктің өзінде-ақ жергілікті орманшылармен бірге ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ЭТРМ және атқарушы органдардың күштері жұмылдырылғанымен, апатты жою ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Оған күшейген желдің әсерінен өрттің сәт сайын бағытын өзгертуі кедергі болған.  

Маусымның 9 күні жарияланған жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты Семей станциясындағы өрт сөндіру пойызы толық дайындық сапында. Семей ЖТ бөлімшесінің азаматтық қорғаныс бөлімі де шұғыл жағдайда әрекет етуге дайын тұр.

Алапат өрт дәл қазіргі күндері теміржол нысандарына, пойыздар қозғалысына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Апат аймағынан шамамен 130-160 шақырымдай қашықтықта орналасқан Суықбұлақ – Шар телімінің бойын желдің бағытымен жеткен қою қара түтін басқанымен, тепловоздар жүрісіне кедергі тудырмады. Пойыз диспетчерлері жағдайды толық бақылауда ұстауда. Апаттан зардап шеккендер арасында теміржолшылар жоқ, дегенмен өртке жақын орналасқан елді мекендер тұрғындары арасында теміржолшылар бар. Олар қазіргі таңда отбасымен қауіпсіз орындарға көшірілген. ТЖМ деректеріне сүйенсек, үш бағытта таралған өрт жақын елді мекендерге де қауіп төндірген. Алайда, авиацияның іске қосылуымен қауіптің беті сейілді. Сақтық мақсатында Қаштақ, Успенка, Талица сынды елді мекендер тұрғындары Семей қаласы мен Бородулиха ауылына эвакуацияланды.  

Қазіргі таңда төтенше жағдай режимі аясында теміржол нысандарын бақылау, өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары күшейтілген. Жағдай Семей ЖТ басшысының бақылауында.

Сондай-ақ семейлік теміржолшылар қауымы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Аманат» партиясының ұйытқы болуымен материалдық жәрдем жасауды қолға алды.Оған қоса «Ақ Ертіс» қоғамдық қорына да ерікті түрде қаржы аударуды бастап кетті.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда