Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының демеушілігімен Жамбыл вагон депосының техникалық қызмет көрсету бекетінде жаттығу залы ашылды.
Вагоншылардың өз күшімен жабдықталған демалыс бөлмесіне жаттығу құрылғылары орналастырылған соң кәдімгідей спорт зал болды.
– Бөлімшенің кәсіподақ ұйымына рахмет, қолдап, көмек көрсетті. Біраз жаттығу құрылғыларын алып берді, енді біраз жаттығу құрылғыларын кәсіпорын қызметкерлері сыйға тартты. Қазір жұмысшылар үшін арнайы кесте дайындалып, олар күнделікті жаттығу залына келіп жүр, – дейді кәсіпорын директоры Талғар Советұлы.