Аралда көптен күткен теміржол көпірінің құрылысы қызу жүріп жатыр

Аймақтар
11.07.2023, 09:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арал станциясында теміржолдан өтетін көпір құрылысы басталды. Жақында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде теміржол көпірінің іргетасын қалау рәсіміне қатысқан еді.  

Аралдықтардың ұзақ жылдан бері қордаланған басты мәселелерінің бірі осылай өз шешімін табатын күн алыс емес. Көпір салынып жатқан тұстағы теміржолдан пойыз өткенде өткел жабылып, көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылатын еді. Арал қаласын бөліп жатқан теміржолдың бергі бетінде 17 мың, арғы бетінде 20 мыңдай халық қоныстанған. Жалғыз өткел осы болғандықтан, кейде жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникалары да межелі жеріне уақытылы жете алмайды. Енді тарихи шаһар тұрғындарының сұранысы қанағаттандырылып, көлік қатынасы жеңілдемек. Нысанға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «РИТМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын екі жыл ішінде аяқтауды жоспарлауда. Құны 3,1 млрд теңге болатын көпірдің ұзындығы 940 метрді құрайды. Аспалы көпірдің екі жағынан қосымша жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдары орнатылады. Жақын жерде орналасқан тұрғындарға келеңсіздік тудырмас үшін дыбыс басқыш құрал-жабдықтарымен қамтылады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті