Сапалы жол пойыз жылдамдығын екі есе арттыруға мүмкіндік береді

Аймақтар
18.07.2023, 08:43
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігі мен станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапалы болуы шарт. Ал өңірде жаңартатын жолдар баршылық. Биылғы жылға арналған жоспар бойынша аймақта 99,97 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болып бекітіліп, қазіргі уақытта оның 69,9 шақырымы салынып бітті.

Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша Қоркөл-Рзд-464 аралығында белгіленген 31,5 шақырым жол түгелдей бітіп, пайдалануға берілді. Құлсары жол дистанциясының бастығы Рақымжан Көрпебаевтың айтуынша, жол жөндеу жұмысында адам ресурстарына мейлінше аз салмақ түсіріп, басты басымдылық техникамен сапалы жұмыс жасауға берілуде. Ауыр жүктерді көтеріп-түсіруге (темір бетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін) КЖ-562 маркалы краны пайдаланылады. Жейсмар фирмасының қол еңбегін жеңілдететін механикаландырылған рельстескіш, рельскескіш құралдары да бар. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС машиналарының да көмегі көп.  

Сонымен қатар, Атырау жол дистанциясы бойынша Исатай станциясы мен 11 разъезд аралығындағы 29,5 шақырым жол да бүгінгі күні толықтай салынып бітті. Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденовтың мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстары барысында ескі жолдар түгел алынып, орнына су жаңа темір бетонды шпалдар барлық технологиялық талаптар сақталып салынып жатыр. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта түйіспесіз жолдар төселуде. Бұл дегеніміз болтқа, қапсырмаға деген шығынды да азайтады.  

– Жол сапасы жақсаруының нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/сағ-120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағат-100км/сағатқа көтеруге ықпал етеді. Күрделі жөндеуден өткен жолдарда енді жолаушы пойыздарына 120 км/сағ, Тальгоға 140 км/сағ, ал жүк пойыздарына 100 км/сағ дейін жылдамдыққа рұқсат етіледі, – дейді Амангелді Рахмеденов.  

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында «Integra Construction KZ» ЖШС мердігер мекеме тәулігіне 6 сағаттық толаскез алып, жұмысты жоспарлы уақытта бітіруді көздеп отыр.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда