Керекулік теміржолшылар 12 км көлемде мал өтпейтін қоршау салды

Аймақтар
25.07.2023, 11:46
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаз – темір жолды жөндеу жұмыстарының қызған шағы. Көктемде оңтүстіктен бастау алған жол жұмыстары бүгінде солтүстік өңірге ойысқан. Павлодарда күрделі жөндеу жұмыстары мердігерлік тәсілмен жүргізіліп жатыр.

Биыл өңірде 55 км шамасында жол күрделі жөндеуден өтуі тиіс болса, қазір соның 28,7 км немесе 52% орындалған. Таратып айтсақ, ПЧ-32 жол дистанциясына қарасты Спутник – Дегелең телімі бойында Көктебе – Құркөл аралығындағы 59-дан 88 км және Ақсу-2 – Құркөл аралығындағы 33-ден 59 км арасындағы жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Көктөбе – Құркөл аралығында жөндеу жұмыстары барысында 9 жұп рельс иіні төселген, енді қиыршық тасын үстемелеп, белгілі бір нормаға жеткізу қажет етіліп отырған көрінеді.  

Биылғы жыл еншісіне, Қырқыншы ПЧМ техникаларын жұмылдыра отырып, шаруашылық тәсілмен рельс тіректерін тұтастай алмастыру шаруаларын атқару жоспарланған екен. Бұл жұмыстар 18 шілдеден басталды. Яғни, аталған жұмыс түрі Екібастұз – Ерейментау телімі бойындағы ОП116 – Шідерті аралығындағы 273-тен 278 км арасында тақ жолда 5,4 км көлемінде жүргізілмек. Сонымен қатар 4,78 км жол бойында ескі рельс иіндерін алмастыру, бағыттағыш бұрмалардағы білеулерді темірбетонды негіздегі 60 жиынтық білеумен ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Қазір жолшылар осы шаруаларды атқаруға кіріскен. Сондай-ақ, бұрма білеулерін су жаңа темірбетонды түрімен алмастыру жоспарланған. Биыл 60 жиынтықты ауыстыру межеленсе, қазір соның жартысы орындалған.  

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау тек жол табанын жаңартумен шектелмесі анық. Керекулік теміржолшылар 12 км көлемінде жаңадан мал өтпейтін қоршаулар салып, 11 км ескі қоршауларға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізген.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты