Семейде тәжірибе алмасу алаңы құрылуда

Аймақтар
27.07.2023, 15:09
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жарияланған техникалық дәріс жылы аясында семейлік   теміржолшылар  кәсіби біліктіліктерін шыңдап қана қоймай, өзара тәжірибе алмасу алаңын да құруда. Осы орайда бөлімше көлемінде түрлі семинар кеңестер мен тренингтер көптеп ұйымдастырылып жатыр.

Мәселен, осыдан біраз бұрын бөлімше басшысының логистика бойынша орынбасары Алмас Сейсемкановтың тікелей ұйытқы болуымен аймақтағы жүк шаруашылығы мамандарының басын қосқан келелі жиын өткен болатын. Оған орталық аппараттан келген департамент басшылары мен бас менеджерлері қатысып, баяндама жасап, аталмыш шаруашылық бойынша жүргізіліп жатқан жаңашылдықтар жайлы түсінік берген еді. Семинар кеңес түрінде өткен осынау техникалық дәріс барысында жүкшілер қауымы жүк тасымалы кезеңінде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттамалар, бұйрықтар мен нұсқаулықтар жайлы да мол мағлұмат алған-ды.  

Бөлімше басшысы Владимир Бабиченко атап өткендей, теміржолдағы аса маңызды саланың бірі - жүк айналымы. Әсіресе, көмір тиеу ісі мейлінше қарқынды, транзиттік тасымал үзіліссіз жүргізілетін бүгінгі Семей өңірі бойынша аталмыш тақырыптың маңыздылығы күн тақырыбынан түскен емес. Осы орайда тек біліммен қаруланған, заманауи жетістіктерді игере алған маман ғана жетістікке жетері анық. Ал, қазіргі таңда жүк шаруашылығы да электронды жүйеге көшіп, тасымал барысындағы техникалық процестер де біршама өзгерген. Мұның өзі әсіресе жас мамандарға үлкен кәсібилік, жауапкершілік жүктейді. Мәселен, аталмыш жиын барысында тораптық станциялардағы тауар кассирлерінің жиі жіберетін қателіктері сынға түсіп, келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында көптеген өзекті сауалдарға жауап ізделінді. Қозғалған тақырып аясында қатысушылар белсенділігі жоғары болғандығын да айта кету ләзім.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар өзара проблемалық тақырыптарды талқылап,  бірқатар басы ашық мәселелерге де ортақ жауап таба алды.

Дәл осындай техникалық дәрістер Семей ЖТ бөлімшесінінде еңбек ететін қозғалыс шаруашылығы мамандарының арасында да өткізілді. Бұл орайда СЦБ жұмысы бұзылған жағдайдағы ДСП іс-әрекеті тақырыбы кеңінен қозғалуда. Осы дәріс кезінде станция қызметкерлері пульт-табло көмегі арқылы стандартты емес жағдай туындаған шақтағы өз міндеттерін толық көрсетіп берді. Сонымен қатар, ойын түріндегі іс-әрекет арқылы да біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.    

Аталмыш техникалық дәрістер өткен аптаның ішінде Күмістау, Бұқтырма,  Алтай сынды станцияларда өткізілді. Осыған дейін Ресеймен шекаралас Локоть станциясында да ұйымдастырылған болатын. Тақырып бір болғанымен мәселе өзекті.

Жалпы, мұндай шаралар қатары алдағы уақытта бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының жетекшілігімен, техникалық дәріс нұсқаушыларының ұйытқы болуымен желі бойындағы өзге станцияларда да жүргізілетін болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды