Теміржол бойындағы қоршаулар ұзарып келеді

Аймақтар
31.07.2023, 12:51
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде жыл сайын жол дистанцияларының өз күшімен теміржол бойын малдан оқшаулау, қоршау, яғни тосқауыл-шарбақ салу жұмыстары жүргізіліп келеді.  

Атырау темір жолдары Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Мақат, Қызылқоға, Жылыой сынды алты аудан аумағын қиып өтеді. Әсіресе қауіпті саналатын жерлер Атырау-Махамбет, Махамбет-Қызылжар, Бақсай-Аққыстау, Құлсары-Шоқпартоғай, Жантерек-Мұқыр-Сағыз, Ганюшкино-Атырау аралықтары. Бүгінде 300 шақырымнан астам жерде қоршау бар, ол барлық ұзындықтың тек 40 пайызын құрайды. Соның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 118 шақырым, Сағыз-Мақат-Атырау-Ганюшкино-рзд Д.Нұрпейсова учаскесі және Құлсары дистанциясы бойынша Мақат-Құлсары-Бейнеу учаскесінде 106 шақырымды алып жатыр. Бөлімшенің жол шаруашылығы қызметкерлері күшімен биылғы жылы 149,2 км қоршау тұрғызылуы жоспарланып, биылғы алты айда ПЧ-9-Атырау – 62 км, ПЧ-11-Құлсары – 36 км қоршау салынды.  Былтыр 77 шақырым жол қоршалған. Оның ішінде ПЧ-9-Атырау – 40 шақырым, ПЧ-11-Құлсары – 37 шақырым. Қазіргі уақытта да жұмыс жалғасып, қолданыстан шығарылған ескі шпалдар қада ретінде орнатылып жатыр, оған сым қоршаулар байланады.  

– Қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттың бірі осы мал басу оқиғалары, сондықтан бұл қоршаулардың көмегі бары рас. Өткен жылдың 6 айында малдың жолға шығуына байланысты пойыздардың 17 шұғыл тежеу оқиғасы орын алған болса, биылғы жылдың өткен мерзімінде мал басудың 20 оқиғасы тіркеліпті. Көптеген мал иелері жергілікті табиғат жағдайына байланысты малды жайылуға бос қоя береді.  Ірі қара малдың жол бойына шығуының артында апат қаупі, экономикалық-материалдық шығындар жатқанын естен шығармауымыз керек, – дейді бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов.  

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?