Атырауда жүзден астам теміржолшы марапатталды

Аймақтар
07.08.2023, 11:09
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл атыраулық теміржолшылар да кәсіби мерекені ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Салтанатты шараға жиналғандар алдында сөз алған  Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев пен магистральдық желі бөлімшесінің басшысы міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов әріптестерін мерекемен құттықтап, өндірістік көрсеткіштерге қысқаша тоқталды.  

Өңірде жүк тиеу, жүк түсіру көлемі ойдағыдай орындалып келеді. Ал негізгі қызмет бойынша тасымал арқылы қаржылай табыс көлемі былтырғы жылғы осы уақытқа қарағанда 52,6% немесе 9 млрд 702 млн 974 мың теңгеге артық шыққан. Бұл жақсы көрсеткіш, қомақты табыс деуге болады. Атырау магистральдық желі бөлімшесі 2022 жыл қорытындысымен салалық жарыстан екінші орын алды.  

– Мұның бәрі – сіздердің табанды еңбек, маңдай терлеріңіздің арқасы. Жұмыстарыңыз әрқашан жемісті, отбасыларыңыз аман, төл мерекеміз құтты болсын, – деді бөлімше басшысы.  

Еңбектің еленуі қашан да мерей өсіреді. Мерекеге орай көптеген теміржолшылар марапатқа ие болды. Биылғы жылы өңірден екі адам «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Атырау жол дистанциясына қарасты №7 телімнің жол шебері Асқар Ертаев марапатын Астана төрінде компания басшысының қолынан алса, Атырау вагон пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының басшысы Айсәуле Әбдіғалиеваға бөлімше басшысы табыс етті.    

Сонымен қатар жүзден аса адам: станция кезекшілері, жол жөндеуші, электромеханик, пойыз құрастырушы, машинист, оның көмекшісі, вагон жөндеуші, кассир, жүк қабылдап-жөнелтуші, т.б. мамандар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының, Жүк тасымалы, Магистральдық желі дирекциясы, жергілікті бөлімше басшыларының Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен, «Үздік басшы», «Кәсібі бойынша үздік» атағымен марапатталды.  

Одан бөлек «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бөлімше Құрмет тақтасына суреттері ілінген мамандардың  да аты аталды. Сондай-ақ темір жол саласына айтарлықтай еңбек сіңірген бүгінгі бір топ ардагерлер Компания және бөлімше ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды. Осылайша аймақ теміржолшыларының мерейін  үстем еткен төл мереке әрі қарай табиғат аясында демалып, Жайық өзенінде теплоходпен серуендеуге ұласты.    

 

Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?