Жайдарман: Маңғыстаулық теміржолшылар чемпион атанды (Фото)

Аймақтар
24.08.2023, 10:36
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

16-17 тамыз күндері Ақтөбе қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кубогы сарапқа салынған жайдарман ойындары өткен. Сол тартысты додада жерлестеріміз – «Маңғыстау.кз» командасы чемпион атанып, түбекке басқарма төрағасының кубогымен оралды.

Жайдарманшы жігіттерді Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Өнерлі жастарды алғыс хатпен марапаттап, қашан да қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.  

Еске сала кетсек, жерлестеріміз жеңімпаз болған бұл сайыста еліміздің барлық өңірінен 11 команда қатысып, өнер көрсеткен еді. Соның ішінде бірінші орын мен «Ең мықты әзіл» номинациясы түбектің жігіттеріне бұйырса, екінші орын ақтөбеліктерде қалды. Үшінші орынды астаналық команда иемденді. Тараздық теміржолшылар командасы «Көрермен көзайымы» аталымымен марапатталды.  

– Сайысқа  Маңғыстау теміржолынан бесеу болып бардық. Оның екеуі Бейнеу жол дистанциясында жол монтері, біреуі Маңғыстау локомотив депосында машинист көмекшісі, тағы біреуі Маңғыстау станциясында техникалық бөлімде жұмыс істейді. Бәрі де өз саласының ғана маманы емес, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер. Өзге өңірлерден келген әріптес-қарсыластарымыз да мықты болды. Дегенмен кубок бізге бұйырды. Ойын өте керемет өтті, – дейді «Маңғыстау.кз» теміржолшы- жайдарманшылар командасының капитаны, Маңғыстау вагон депосында вагон қараушы Қуатбек Көпбаев.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты