Сарышағанда мұражай ашылды

Аймақтар
24.08.2023, 14:04
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Арқа мен Жетісудың арасын жалғап жатқан Сарышаған кентінің 70 жылдығына орай осы станциядағы теміржол вокзалында мұражай ашылды. Мұнда жолаушылар түрлі жәдігерлермен таныса алады.

Сарышаған станциясының құрылысы Шу-Мойынты телімінің құрылысымен қатар жүргізілген. Кенттің өзі әкімшілік бөлініс жағынан Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарағанымен, станция ретінде ондағы құрылымдық теміржол мекемелері Жамбыл ЖТ бөлімшесіне қарайды. Станция арқылы 16 бағыт бойынша 46 пойыз өтеді. Күніне мыңдаған жолаушы, іргедегі Балқаш пен Приозерск қаласының тұрғындары осындағы вокзал арқылы пойызға отырады. Станция вокзалы 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 262,7 млн теңге қаражатқа салынған.  

Жергілікті халықтың дені, яғни 75 пайызы теміржол бойында еңбек етеді. Ауыл халқы, әсіресе теміржол саласының ардагерлері ұйымдаса келе, мерейлі жыл қарсаңында мұражай ашуды ұйғарған. 1953 жылдан бергі Сарышағанның жетпіс жылдық тарихы осылайша мұражайда қайта түрленіп, жаңғырды.  

– Теміржол саласында мен 1971 жылдан бастап еңбек еттім. Әкем де теміржолшы болды. Кентіміздің тарихы осы теміржолмен тығыз байланысты болғандықтан бұл музейдің тек теміржолшылар үшін ғана емес, жалпы халық үшін маңызы зор. Мерейтойға керемет тарту болды деп санаймын, – дейді ауыл тұрғыны, ардагер теміржолшы Серікқұл Тәжиев.  

Вокзалдың екінші қабатындағы мұражайдағы экспонаттардың көбі теміржол саласына маңдай тері сіңген ардагерлердің ертеде қолданған құрал-жабдықтары. Онымен қоса станция тарихынан сыр шертетін мұрағат құжаттары да қойылған. Үздік теміржолшылардың алған марапат қағаздары, төсбелгілері де  музей төрінен орын тепкен. Мұражайды ашуға себепкер болғандардың бірі Әбдірахман Оспановтың айтуынша, олар әлі де музей қорын түрлі экспонаттарға толтыра бермек. Ауылдан шыққан азаматтар жаңалықты естіп, қоңырау шалып, аталарының, әкелерінің қызметте қолданған құралдарын табыстауға ниеті барын жеткізіп жатыр екен. Енді вокзалға жолы түскен жолаушылар да экспонаттарды тамашалап, станция тарихынан мағлұмат ала алады.  

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті