«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС: Өндірістік нысандар жаңартылуда

Аймақтар
29.08.2023, 10:01
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша барлығы 53 өндірістік нысан жаңартылды. Солардың бірі Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты 1-ші класты Аягөз станциясындағы бағыттамалық бұрма қосындарының толыққанды күрделі жөндеуден өтуі маневрлік жұмыстарды үйлестірудің тиімділігін арттырды.

Бүгінде солтүстік айналымдағы №1 бағыттама посты жүз пайызға жаңарып, бастан-аяқ қайтадан салынды. Мердігер мекеме «Теміржол Су-Аягөз» ЖШС құрылыс жұмыстарын діттеген мерзім ішінде сапалы орындап шықты. Жүргізілген жұмыстар барысы бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың қатаң назарында болды.  

Шатырланып, сәнді кірпішпен қапталып, жылыту жүйесі де жаңарған нысанның есік-терезелері мен еден-қабырғаларына дейін жаңадан салынды. Ендігі аралықта қосын кезекшілері қыстың аязында от жағып, күл шығарып жүрмейді. Шағын ғана ғимарат экологиялық талаптарға сай электр қуатымен жылытылады. Бөлмедегі ауа температурасын реттеуге де мүмкіндік бар.  

Қосын кезекшілері үшін тұрмыстық қажеттіліктер де алынды.  

Әйтсе де, маңызды жайт – пост қызметінің де тың жолға қойылуы болып отыр. Орталықтандырылған бағыттамалар жұмыстарын басқару енді осында үйлестіріледі.

– Соның нәтижесінде бүгінде маневрлік жұмыстарды басқарудағы тиімділік айтарлықтай арта түсті. Мұнымен қатар, пост кезекшісіне станция басындағы пойыз құрастырушылардың жұмыс барысын ұдайы назарда ұстауға да мол мүмкіндік береді, – дейді Аягөз станциясының бастығы Нұржан Жақанов.  

Дәл қазіргі күндері Аягөз станциясы бойынша бос вагондарды қабылдап алу мен жөнелту ісіне басымдық берілуде. Сондай-ақ, көршілес бөлімшелерге, атап айтқанда Алматы және Балқаш станцияларына пойыздар құрастырып жөнелтуде, жалпы қозғалыс саласындағы өндіріс барысында солтүстік айналымдағы бағыттама қосынының маңыздылығы аса жоғары.  

Ауысым бойынша кезекпен жұмыс істейтін пост кезекшілерінің жұмысы қауырт. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау барысында олардың еңбегі жоғары деңгейдегі жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Бір мысал – бағыттамалы бұрмалардың техникалық жай-күйі пойыздарды қабылдап-жөнелтумен бірге қатаң назарда ұсталады. Аягөз станциясындағы №2 бағыттама қосыны да ағымдағы жөндеуден өткізілген болатын. Станцияның техникалық кеңсесі де жөндеуден өтіп, қазіргі таңда жұмысы ширай түскен.  

Өндіріс барысын жүйелі жүргізу үшін жайлы да заманауи жұмыс орнының маңызы зор екені белгілі. Бұл орайда Аягөз станциясында теміржолшылар игілігі үшін осындай іс-шаралар соңғы жылдары көтпеп қолға алынуда.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті