Семейде «Вокзалдағы қабылдау» акциясы өтті

Аймақтар
18.09.2023, 10:54
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда теміржол көлігін пайдаланатын жолаушы азаматтарға құқықтық және кеңес беру түріндегі көмек көрсету мақсатында Семей, Аягөз, Шар теміржол вокзалдарында Семей станциясы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті теміржолшылармен бірлесіп «Вокзалдағы қабылдау» атты ерекше акция өткізді.

Аталмыш іс-шараға Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ж.Ибраев,  бөлім бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қуаныш Балтақаев, көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері де арнайы келіп қатысты.

Кездесу барысында вокзалдардағы жолаушылар өздерін қызықтыратын кез келген сұрақты қойды. Барлық сауалға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ азаматтарды толғандыратын өзге де көптеген мәселер бойынша білікті түрде заңдық көмек те көрсетілді.

– Көліктегі қоғамдық тәртіп пен жолаушылар құқығының қорғалуы қашанда басты назарда. Ал осынау республикалық акция барысында азаматтар аталмыш  бағыттағы шаралар жайлы түсінік алып, өзекті сауалдарға жауап тапты, – дейді бұл орайда Семей станциясындағы желілік полицияның әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Рүстем Әбеуов.

Осынау акцияны өткізу кезеңінде әкімшілік полиция қызметкерлерімен қоғамдық еріктілер азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін желілік полиция және Абай көлік прокурорының «жедел желі» телефондарының номері көрсетілген буклеттер, ескертпе парақшалар таратты.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті