Құлсары станциясына жаңа басшы тағайындалды

Аймақтар
21.09.2023, 12:11
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазіргі заманға сай нарық сұранысын қанағаттандырып, өлке өнеркәсібінің еселей дамуына зор үлесін қосып отырған Құлсары станциясына жуырда жаңа басшы – Жүсіп Қалиханов тағайындалды.  

Жүсіп Қалиханов жас кадрлар қатарынан. Еңбек жолын Орал темір жол бөлімшесіне қарасты Қазақстан станциясында пойыз құрастырушыдан бастаған, сигналист, станция кезекшісі, пойыз диспетчері қызметтерін атқарған. Ақтөбе жол техникумын және ҚазАТК-ны тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы Құлсары станциясында логистика бойынша орынбасар қызметін атқарды. Сегіз жыл бойына жүк тасымалының қыр-сырын меңгеріп, 2018 жылы ақпанда Махамбет станциясы басшылығына келген ол мұнда бес жыл еңбек етті. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Аслан Базарғалиев ұжымға жаңа станция бастығын таныстырып, жемісті еңбек тіледі. Станция жұмысын әрі қарай жандандырып, тасымал көлемін арттыру, негізгі жүк қабылдап-жөнелтуші «Теңізшевройл» ЖШС және басқа да мекемелермен қоян-қолтық жұмыс жасауды тапсырды.  

1967 жылы пайдалануға берілген Құлсары станциясы мұнай және газ, басқа да мұнай өнімдерін тасымалдаушы маңызды арна саналды. Теңіз кен орнының дамуымен өлкедегі көлік-коммуникация кешені де беки түсті. Сол себепті мұнай кәсіпшілігінің қарқынды дамуына орай станцияда жаңа жолдар салынып, паркі кеңейді. Бүгінгі таңда 20 кірме жолға қызмет көсетіп, 120 серіктесімен қоян-қолтық жұсыс істеуде. Тәуліктік жүк тиеу-түсіру көлемі 650-700 вагонды құрап, 25-30 жұп жүк пойыздары өтеді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды