Күзгі комиссия: жаз бойы атқарылған жұмыстардың сапасы басты назарда

Аймақтар
03.10.2023, 09:40
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша күзгі комиссиялық байқау өтіп жатыр. Қазіргі күнге дейін Жаңа-Семей – Дегелең, Семей – Локоть және Ақтоғай станциясы мен Жаңа-Семей аралығында толыққанды түрде тексеру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы байқаудың жылдағы шаралардан ерекшелігі көп. Әсіресе өрт қауіпсіздігі мен желі бойының қос қапталының санитарлық тазалығы да баса есепке алынды. Сонымен қатар бөлімше басшылары әрбір айырма пункттерде тұратын өзге де қарапайым халықпен жүздесіп, талап-тілектерін ескерді.  

Жалпы, теміржол бойын толық сүзіп шыққан шаруашылық ревизорлары жаз бойы атқарылған жұмыстардың сапасын да басты нысанаға алды. Бұл орайда Жаңа-Семей жол дистанциясының аумағы саналатын Жарма-Жаңғызтөбе-Шар телімі бойындағы күрделі жөндеу жұмыстары мұқият тексерілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов бастаған топ жолшылар жұмысын айрықша қадағалауға алды. Осынау орайда РБ-6 аппараты анықталған кемшіліктер мен ақаулықтар бойынша арнайы есеп дайындауда. Ол бойынша алдағы уақытта селекторлық жиын өткізілмек.  

Сонымен қатар желі бойында үзіліссіз жұмыс жүргізген бөлімшенің жаңадан тағайындалған директоры Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов қатардағы теміржолшыларды да сөзге тартып, өтініш-тілектеріне құлақ түрді.  

Тексеру, қадағалау шараларынан бөлек, пойыз құрастыру жұмыстарына, шалғай станциялардағы маневрлік локомотив бригадаларының қызметіне, нақтырақ айтсақ, олардың еңбек және демалыс режимінің белгіленген тәртібін сақтауына да ерекше назар аударылды. Мұның сыртында желі бойындағы барлық мекемелердегі өндірістік процесс те қатаң тексерілді.  

Күзгі комиссиялық бақылау шаралары қазіргі таңда бөлімшенің Өскемен аумағы бойынша жүргізілуде. Қазан айының 7-сі күні толық аяқталып, алынған нәтиже толыққанды сарапталатын болады.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті