Әнші Қуандық Рахым теміржолшының ұлына ат мінгізді

Аймақтар
03.10.2023, 10:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандық әнші Қуандық Рахым өзімен қосылып ән айтқан теміржолшының ұлына ат мінгізді. Ол шалғайдағы станцияда тұратын ауыл баласын Ақтөбедегі концертіне арнайы шақырған.

Әнші осыған дейін ауылға барғанында әннің ырғағына беріле орындаған ауыл баласының қылығы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Әншінің тыңдармандары баланы іздеп табуды жарыса жазып, дуэт орындауды сұраған еді. Қуандық Рахым тыңдармандарының тілегін жауапсыз қалдырмады. Ақтөбе облысы Мөңке би ауылында тұратын қара баланы іздеп тапты.  

– Әлеуметтік желіде қатты танылған балапанымыз бар. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылына концертпен барғанда бізбен қосылып «Аққуым» әнін шырқаған қара баланы қошеметпен сахнаға шақырамыз. Қадірлі ағайын, бүкіл Қазақстан осы сәтті күтіп отыр. «Қара баламен бірге видео салыңызшы», «сізбен сахнаға шыққанын көрейікші» деп әсіресе аталар, әжелер, апалар тағатсыздана күтіп отыр. Халықтың алдында Бақытбек бауырыма өз атымнан ат мінгіземін. Осы жерде ата-анасы бар, ұстаздары бар, кез келген уақытта тұлпарыңды жеткізіп беремін, – деді Қуандық Рахым.  

Әнші ауыл баласына болашақта тек Ақтөбенің ғана емес, Қазақстанның атын шығаратын абыройлы бол деген тілегін білдірді. Мөңке би ауылындағы мектептің 7-сынып оқушысы Бақытбек Берікұлы теміржолшының ұлы. Әкесі станцияда жұмыс істейді. Дені теміржолшылар тұратын ауыл тұрғындары үшін бұл үлкен жаңалық болды.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты