Теориядан – тәжірибеге

Аймақтар
06.10.2023, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Ақтау көлік колледжінің ұйымдастыруымен Маңғыстау жол дистанциясының оқу-жаттығу алаңында өткен байқауға облыстың техникалық және кәсіптік, арнайы орта білім беру мекемелерінің пән мұғалімдері мен теміржолдағы өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Олар үш кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, өз біліктілігін сынады. Яғни қатысушылар темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы маманының теориялық білімін тексеру, темір жолды ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау және тиісті техникалық құжаттаманы толтыра отырып, жолдың бағыттамалы бұрмаларының геометриялық параметрлерін бақылау, темір жолда жол жұмыстарын жүргізу, РДМ-22 ақаутапқыш арбасымен жұмыс жасау, жұмыс орындарын қоршау бойынша тапсырманы орындау сынды сынақтардан өтті.  

Сайысқа Ақтау көлік колледжінің өндірістік оқыту бөлімінің аға шебері Ақжігіт Ахмедов пен Маңғыстау жол дистанциясының №3 өндірістік телім басшысының орынбасары Нұрболат Ғұбашов төрешілік етті.  

Сынақ қорытындысы бойынша бірінші орынды Маңғыстау жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері Болат Абатаев, екінші орынды Бейнеу политехникалық колледжінің ұстазы Ерболат Бекқалиев алды. Үшінші орын Ақтау көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы Аида Серікбаеваға бұйырды.  

Орайы келгенде айта кетсек, Маңғыстау жол дистанциясы Ақтау көлік колледжімен тығыз байланыста. Қазір осы колледждің «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенттері дистанцияда өндірістік тәжірибеден өтуде. Оларға жоғарыда аталған байқауда бірінші орын алған оқыту шебері жетекшілік етіп, теміржолдағы жұмыстың қыр-сырын үйрететін болады.  

– Өндірістік тәжірибеден өтетін болашақ теміржолшы жастарды мамандыққа баулу – біздің міндетіміз. Мұнда келген студенттер ағымдық жөндеу жұмыстары, бағыттама бұрмалардағы ағымдық жұмыстар, шпалды біртіндеп ауыстыру, ақаутапқыш арбашасының жұмысы, жұмыс орнын қоршау, жол диспетчерінің міндеті, жалпы дистанциядағы мамандардың атқаратын жұмысымен танысады. Теориялық білімін тәжірибемен шыңдап, өздері таңдаған мамандықтың алғашқы баспалдағынан өтеді. Бұл болашағын осы саламен байланыстырғысы келетін жастар үшін таптырмас мүмкіндік, – дейді дистанцияның өндірістік оқыту шебері Болат Абатаев.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды