Қызылордада кәсіподақ күні аталып өтті

Аймақтар
09.10.2023, 14:18
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Кез келген зайырлы қоғамда әлеуметтік тепе-теңдік пен әділдіктің салтанат құруы жолында еңбек адамының мүддесін қорғайтын кәсіподақтар қызметі елімізде соңғы жылдары күш алып, беделі артып келеді. Қызылорда облысы әкімдігінде Кәсіподақтар күніне арналған шара өтті.    

Салтанатты жиында еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, кәсіподақ белсенділері марапатталды. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Мақсат Тлепбергеновке, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының құрмет грамотасы «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаевқа табыс етілді.

Марапаттарды табыс еткен облыс әкімінің орынбасары М. Шермағанбетов еңбек адамдарының құқығын қорғап, еңбек қатынастарын реттеуде еңбеккер мен жұмыс беруші арасындағы тепе-теңдік деңгейінде диалог орнатуда маңызды роль атқарып, ұжым ынтымағын әлеуметтік тұрғыдан қорғап-қолдап отырған кәсіподақ  ұйымының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Келесі сөз кезегін алған облыстың аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев аймақтағы кәсіподақ ұйымдары тарапынан атқарылған жұмыстарды саралап, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы алтын көпір сипатындағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысына сәттілік тілеп, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Гүлмираш Қоразова, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромонтерлері Тұрсынкүл Қойбағарова мен Шолпан Арқабаеваны алғыс хатпен марапаттады.  

Қазіргі таңда Қызылорда облыстық аумақтық бірлестігіндегі 12 салалық кәсіподақ ұйымы, оларды 96 мың кәсіподақ мүшесі бар. Салалық кәсіподақ ұйымдары арасында шоқтығы биік теміржолшылардың кәсіби одағы атқарған жұмыстары, ұстанымы мен жұмыс беруші мен еңбеккерді әлеуметтік қолдау тұрғысынан әріптестеріне үлгі.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда