Қоғамдық қызмет – абыройлы міндет

Аймақтар
10.10.2023, 09:15
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталған Бейнеу жол дистанциясының инженер-метролог, эколог маманы Мұстафа Қожбанов кәсіби қызметіне қоса мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық қызметті де үлкен абыроймен атқарып отырған теміржолшы.  

Еңбек жолын отыз жылдан астам бұрын теміржолдағы құрылысшылар бригадасында бастаған кейіпкеріміздің әу бастағы мамандығы құрылысшы. 2000 жылға дейін құрылыс шебері болып, теміржолшыларға салынатын үй мен теміржол ғимараттарын жөндеу, салумен айналысатын бригадада еңбек етті.  Десе де, теміржолшы отбасында туып өскен ол өз болашағын бәрібір теміржолмен байланыстырды. Бригада тараған соң жол дистанциясына ауысып, сырттай оқып, теміржол саласында білімін жетілдірді. Инженер-метролог, эколог кәсібіне маманданды. Жұмысына тап-тұйнақтай тындырымды, ұжымның кез келген мәселесіне білек сыбана кірісіп кететін еті тірі жігітті 2008 жылы дистанцияның кәсіподақ ұйымын басқаруға сайлаған әріптестері ұтқаны анық. Содан бері негізгі қызметінен бөлек дистанция жұмысшыларының жоғын жоқтап жүрген ұйым төрағасы жолшылардың көңілінен шығып келеді.  Еңбек даулары мен жалақы, түрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне күш салып, әріптестерінің алғысына бөленуде. Кәсіби қызметі барысында «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілеріне ие болса, өткен жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» марапатын алды.    

Мұстафа Қожбановтың тікелей күш салуымен дистанция жұмысшыларының біраз мәселесі оң шешімін тауып отыр. Мәселен, соңғы жылдары Бейнеу-Тассай бағытында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер үшін толық жабдығымен 80 дана төсек-орын алынып, кейбір мамандардың еңбек демалысына қосымша күн қосылды. Бейнеулік жолшылардың Маңғыстау станциясындағы жолшылармен  бірдей тарифтік сетка бойынша жалақы алуы мәселесінде де жұмысшылар ұсынысын жоғарыға жеткізіп, қолдан келгенін аянып қалмады.    

– Ақаутапқыш арбашалар операторларының еңбек демалысына қосымша 6 күн қостырдық. 12 тоннадан артық салмақтағы автомобиль жүргізушілері мен  бригадирлердің жұмыс орнына кәсіподақ арқылы тәуелсіз эксперт шақыртып, аттестация өткіздік. Жұмыс орны қайта қаралып, еңбек демалысына қосымша күн қосылатын болды. Үнемі түзде жүретін жолшылар үшін әр жерде жылынып, тамақтанатын орындар болуға тиіс. Бейнеу – Тассай телімінде сондай үйшік жоқ. Кейбір учаскелерде өте ескі. Оларды жаңарту керек. Қазір осы жұмыспен айналысудамыз. Одан басқа ұжымдық шарттың жеңілдіктері, жұмыс берушінің міндеттері, жұмыскерлер мен зейнеткерлерге арналған әлеуметтік пакеттің орындалуын қадағалау сияқты кәсіподақтың міндетті жұмыстарынан бөлек,   мәдени көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастыру, қызметкерлердің өтініші бойынша көмек көрсету, еңбек даулары, т.б. жұмыстар жетеді, – дейді кейіпкеріміз.  

   Сонымен қоса ол мекемедегі инженер-метролог, эколог маман ретінде де біраз шаруаны ширатып отыр. Мекемедегі құрал-саймандардың жарамдылығын тексеріп, қолданысын қадағалау, автотехниканың бөлшектері мен түрлі аспаптарына ревизия жүргізіп, экология мәселесін үнемі бақылауда ұстайды.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл