Тарихи ғимарат қайта түлеуде

Аймақтар
20.10.2023, 10:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бір ғасырдан астам уақыт жолаушыларға қызмет етіп келе жатқан Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Тәулігіне жүздеген жолаушы келіпкетіп жатқан қаланың бас қақпасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қараша айында бітіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бүгінде вокзалдың сыртқы жұмыстары толық аяқталып, күрделі жөндеу ғимараттың ішінде жалғасып жатыр.  

– Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың ұсынысымен, ҚТЖ компаниясының басқарма төрағасы Н.Сауранбаев пен Магистральдық желі дирекциясы филиалы басшысы С.Рахметовтің қолдауымен тарихи ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі мердігерлер «Интеграстрой» және «Бірсүгір» серіктестіктері жұмысты белгіленген кестеден ерте аяқтауға күш салып жатыр. Сонымен қатар облыстағы кәсіпкерлер демеушілігімен жолаушылар пойызы қабылданатын станциялық екі жол платформасының беткі қабатына асфальт жабындысы төселіп, платформаға жарық шамдары орнатылды және перрон бойына жолаушыларға арналған орындықтар бөлінді. Құрылыс жұмыстары Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев пен вокзал бастығы Жарас Қойшығұловтың бақылауында. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі бөлмелерін әрлеу, су мен жылу жүйесін ауыстыру, сәндік элементтерін жаңарту жұмыстары жасалып жатыр, – деді НЖС директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Мұсахметов.  

Вокзалдың алғашқы ғимараты 1905 жылы салынған, мемлекеттік қорғауға алынған тарихи, сәулет ескерткіші болып табылады. Жолаушыларға қызмет көрсету қалааралық және халықаралық бағыттарда жүргізіледі. Вокзал ғимаратының ескілігіне қарамастан жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Компания тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін вокзалда ұсынылатын сервистік қызметтерді пайдалануға ешқандай кедергі жоқ.  

Көне вокзалды көркейту жұмысы оның қасындағы 1969 жылы салынған 3 қабатты ғимаратқа да ағымдағы жөндеу жұмыстарымен жалғасуда.

Мердігер «Бірсүгір» компаниясы тарапынан вокзалдың сыртқы қасбетіне уақыт талабына сәйкес заманауи құрылыс материалдары пайдаланылып жатыр.  

– Күрделі жөндеу жұмыстары вокзал ғимаратының шатырынан басталып еденіне дейін жүргізіліп жатыр. Ескі вокзал ғимараты қабырғаларының іші-сырты қатты травертинмен қапталды, жалпы негізгі жұмыстың басым бөлігі жүргізіліп, тарихи ғимарат келбеті жаңарып, жаңа түрге енді. Бүгін 25 адам вокзалдың ішіндегі дәнекерлеу, сырлау, су жүйесін жаңалау, өрт қауіпсіздігі желісін орнату секілді жұмыстарды атқарып жатыр, сосын еденге сапалы керамикалық қыш тақта төсейтін боламыз, – дейді құрылысшылар атынан «Интеграстрой» мекемесінің шебері Руслан Жүнісқұлов.  

Жөндеу жұмыстарының барысы теміржол, облыс және қала басшыларымен келісіле отырып жасалуда. Бірнеше рет кездесу өтіп, жұмыс барысын ұйымдастыру, тиісті эскиздік дизайн мақұлданған.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда