Атырау вокзалында жолаушыларға ерекше тосынсый көрсетілді

Аймақтар
27.10.2023, 09:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Республика күні қарсаңында Атырау вокзалында жолаушыларды ерекше тосынсый қарсы алды. Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері, «Қазтеміртранс» АҚ Атырау филиалы кәсіподақ ұйымдары бірлесіп өткізген акция көптің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

Вокзал перронында қаз-қатар тізілген үстелдер түрлі ұлттық дәмге толы болды. Бірінші жолда тұрған №691 «Атырау-Ақтөбе» пойызына асыққан жолаушы халыққа ыстық бәліш, тәтті тоқаш, басқа да тәтті дәмдер ұсынылып, сыртында «Қазкөліккәсіп, 25 қазан – Республика күні» деп жазылған кішкене қорап таратылды. Оның ішіне құрт пен жент, бауырсақ, құрма, «Қазақстан» шоколады салынған екен.  

Пойызға асыққан жолаушылар дәмнен ауыз тиіп, сый қораптарын алып, бірін-бірі мерекемен құттықтап аттануда. Олардың арасында қарттар мен жастар, Атырауға жарысқа келген баскетболдан ұлттық құрама ойыншылары, Отан алдындағы борышын өтеп, үйлеріне қайтып бара жатқан солдаттар, т.б. бар. Жолсеріктер де құралақан қалмады, оларға да, вагонда отырған жолаушыларға да кәсіподақ қызметкерлері аралап жүріп дәмнен үлестірді. Вокзал кассасының бастығы Ажар Ахметованың айтуынша, аталған пойыз вагондарына 420 жолаушы міну керек болса, соның 80 пайызына билет сатылыпты.  

Перронда «Атамекен», «Менің Қазақстаным», басқа да ұлттық патриотты әндер ойнатылып, Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегенов, кәсіподақ төрағасы Боранбай Қамиев жолаушыларды дауыс зорайтқыш арқылы Республика күнімен құттықтап, сәт-сапар тіледі.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды