Қоғамдық қызмет – абыройлы міндет

Аймақтар
27.10.2023, 09:05
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталған Бейнеу жол дистанциясының инженер-метролог, эколог маманы Мұстафа Қожбанов – кәсіби қызметіне қоса мекеменің кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық қызметті де үлкен абыроймен атқарып отырған теміржолшы.

Еңбек жолын отыз жылдан астам бұрын теміржолдағы құрылысшылар бригадасында бастаған кейіпкеріміздің әу бастағы мамандығы құрылысшы. 2000 жылға дейін құрылыс шебері болып, теміржолшыларға салынатын үй мен теміржол ғимараттарын жөндеп, салумен айналысатын бригадада еңбек етті. Десе де, теміржолшы отбасында туып өскен ол өз болашағын бәрібір теміржолмен байланыстырды. Бригада тараған соң жол дистанциясына ауысып, сырттай оқып білімін жетілдірді. Инженер-метролог, эколог кәсібіне маманданды. Жұмысына тап-тұйнақтай тындырымды, ұжымның кез келген мәселесіне білек сыбана кірісіп кететін еті тірі жігітті 2008 жылы дистанцияның кәсіподақ ұйымын басқаруға сайлаған әріптестері ұтқаны анық. Содан бері негізгі қызметінен бөлек дистанция жұмысшыларының жоғын жоқтап жүрген ұйым төрағасы жолшылардың көңілінен шығып келеді. Еңбек даулары мен жалақы, түрлі әлеуметтік мәселелердің шешілуіне күш салып, әріптестерінің алғысына бөленуде. Кәсіби қызметі барысында «Үздік маман», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілеріне ие болса, өткен жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» марапатын алды.  

Мұстафа Қожбановтың тікелей күш салуымен дистанция жұмысшыларының біраз мәселесі оң шешімін тауып отыр. Мәселен, соңғы жылдары Бейнеу-Тассай бағытында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер үшін толық жабдығымен 80 дана төсек-орын алынып, кейбір мамандардың еңбек демалысына қосымша күн қосылды. Бейнеулік жолшылардың Маңғыстау станциясындағы жолшылармен бірдей тарифтік сетка бойынша жалақы алуы мәселесінде де жұмысшылар ұсынысын жоғарыға жеткізіп, қолдан келгенін аянып қалмады.  

– Ақаутапқыш арбашалар операторларының еңбек демалысына қосымша 6 күн қостырдық. 12 тоннадан артық салмақтағы автомобиль жүргізушілері мен бригадирлердің жұмыс орнына кәсіподақ арқылы тәуелсіз эксперт шақыртып, аттестация өткіздік. Жұмыс орны қайта қаралып, еңбек демалысына қосымша күн қосылатын болды. Үнемі түзде жүретін жолшылар үшін әр жерде жылынып, тамақтанатын орындар болуға тиіс. Бейнеу – Тассай телімінде сондай үйшік жоқ. Кейбір учаскелерде өте ескі. Оларды жаңарту керек. Қазір осы жұмыспен айналысудамыз, – дейді кейіпкеріміз.  

Сонымен қоса ол мекемедегі инженерметролог, эколог маман ретінде де біраз шаруаны ширатып отыр. Мекемедегі құрал-саймандардың жарамдылығын тексеріп, қолданысын қадағалау, автотехниканың бөлшектері мен түрлі аспаптарына ревизия жүргізіп, экология мәселесін үнемі бақылауда ұстайды.  

 

Инфрақұрылым
23.02.2026
«Қызылжар – Сексеуіл» учаскесін жаңғырту: өткізу мүмкіндігі 2,5 есе өсті
Қауіпсіздік
23.02.2026
Шиеліде өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады
Аймақтар
23.02.2026
Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды
Жүк тасымалы
23.02.2026
Болат жолдың болашағы
Инфрақұрылым
23.02.2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есе артады
Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?