Темір жолды құмнан тазалайтын техника жеткізілді

Аймақтар
31.10.2023, 09:33
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жақында Бейнеу жол дистанциясына құм тазалайтын техника келіп, жолшылардың қолы ұзарып қалды. Бірнеше жылдан бері құм күреп, жолды тазартып жүрген дистанциялықтар үшін техниканың күші үлкен көмек, біраз жердің қат-қабат құмдарын бір демде қырнап алып, жол табанын аршып кетті.

Соңғы бірнеше жылдан бері, әсіресе ауа-райы алай-дүлей желді Бейнеу өңірінде темір жолды жиі құм басып қалып, жолшылардың жұмысын қиындатып жүргені жасырын емес. Пойыздар қозғалысын қамтамасыз ету үшін қол күшіне зор беріп, темір жолды үйілген құмнан күрекпен аршыған жолшылар үшін бұл да бір міндеттеріне айналғалы қашан. Соның өзінде құм басатын аумақтың ауқымдылығынан жолдың беткі қабатын ғана тазалап үлгеретін. Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясынан жолдың астындағы қиыршық тасты – щебень тазалайтын РМ-80, РМ-2002 техникалары көмекке келіп, біраз жер құмнан толықтай тазарып қалғаны игілікті іс болды.  

– Соңғы бес-алты жылдан бері жазда, күз, көктем, тіпті қар жаумаса қыста да құммен күресіп келеміз. Желдің екпінімен құмды жерлерде шаң-тозаң көтеріліп, темір жолды жауып қалады. Пойыздардың қозғалысына қауіп төндірмес үшін түнімен жолды құмнан тазалау жұмыстары жүргізілетін кездер болады. Құмның жайы күрделі мәселеге айналып кетті. Биыл басшылардың шешімімен машиналандырылған жол дистанцияларынан арнайы техникалар келіп, жұмысымызды жеңілдетіп жатыр. Жол техникаларының көмегімен біраз жерді тазартып алдық. Алдағы уақытта осылай техника күшін пайдаланып, жылдар бойы жиналып қалған құмдардан құтыламыз деген ойдамыз, – дейді Бейнеу жол дистанциясының бастығы Ерназар Ізтұрғанов.  

Айтуынша, Самның айналасында 23 шақырымдай аумақты құм басып жатқан. Техниканың күшімен соның 12 шақырымға жуығы тазартылған. Бұл техникалар қыркүйек айының ортасында келіп жұмысқа кірісіп, қазанның сегізіне дейін жұмыс істеген.  

– Самның басында жұмыс істейтін жігіттеріміз құм тазалаудан қолдары босамайды. Жол шебері Аманқос Қожабаевтың басшылығымен осы учаскедегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Құммен күреске қосымша алты жол жөндеуші алынған. Бұл алтаудың күші жетпеген кезде жолды ағымдағы күтіп ұстауға арналған 10 жол жөндеуші жұмылдырылады, – дейді Сам-Теректі, Сам-Ноғайты перегондары бойынша телім бастығы Айбек Оразбаев.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл