Локомотив шаруашылығында өртке қарсы шаралар күшейтілді

Аймақтар
31.10.2023, 09:41
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Семей ЖТ бөлімшесінде локомотив шаруашылығын тексеру, қадағалау шаралары күшейтіле түсті. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар күзгі комиссиялық бақылау кезінде қорытындыланып, нақты шешімдер қабылданды.

Әуелгі кезектегі қолға алынған мәселе тепловоздардың өрт қауіпсіздігі бойынша сақтықты күшейту болып отыр. Бұл ретте әсіресе қолданыста ұзағырақ жүрген локомотивтердің жүріс кезінде ұшқын шығару қауіптілігі көп болып отыр. Сол себепті арнайы комиссия тиянақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, тепловоздардан «кіші айналым» кезінде ешқандай кінәрат анықталған жоқ. Ұшқынөшіргіш құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұр. Алайда, «үлкен айналымға» өткен ескі тепловоздардың желі бойында ұшқын шығармауына толық кепілдік жоқ. Сондықтан да бірқатар локомотивтердің жанармай жүйесі тексеріліп, үш тепловоздың ұшқынөшіргіш құрылғысы ауыстырылған.  

Сонымен қатар, барлық локомотив деполарында қадағалау шаралары күшейтілді. Локомотив бригадаларын күнделікті желіге шығар алдында арнайы бектілген инспекторлар тексеріп шығады. Бұл шаралар желі бойындағы ұшқыннан өрт тұтану қаупінің алдын алады. Мысалы, биылғы жаз мезгілінде ел шығысында орман өрттері тіркеліп, теміржол құрылымдарына да елеулі түрде қауіп төндірген болатын. Сол себепті желі бойындағы өрт қаупіне әкелуі мүмкін барлық жағдаяттар толық қадағалануда. Анықталғандай, қазан айының 1-не дейінгі аралықта өрт қауіптілігіне байланысты 58 кемшілік анықталған. Әйтсе де, бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғада 77 көрсеткішке аз саналады. Яғни теміржолшылар жазғы өрт оқиғаларынан сабақ алып, қауіпсіздік шараларын тым күшейткен болып отыр.  

Локомотив шаруашылығындағы өрттің алдын алу жұмыстары осылайша қатаң қадағалауға алынып отыр. Жалпы, локомотив шаруашалығы бойынша күзгі комиссиялық байқау кезінде тек Семей өңірі бойынша 90 кемшілік анықталып, 6 тыйым салу шарасы қабылданыпты.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті